Астанада фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

    1 / 4

    Астана қаласындағы Республикалық өсімдіктер карантині орталығының (РӨКО) базасында «Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараға өсімдіктер карантині саласының бейінді мамандары қатысты.

    Оқытудың негізгі мақсаты — қатысушылардың біліктілігін арттыру және мемлекеттік фитосанитариялық бақылау тәсілдерін жетілдіру. Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ЕАЭО актілері бойынша нормативтік-құқықтық реттеудің өзекті мәселелері, карантиндік объектілерді анықтау мен диагностикалаудың заманауи әдістері, фитосанитариялық сертификаттарды беру қағидалары, сондай-ақ бейінді ақпараттық жүйелерді тиімді қолдану жайы егжей-тегжейлі қарастырылды.

    Спикерлер ретінде жетекші салалық сарапшылар сөз сөйлеп, фитосанитариялық қызметтің негізгі бағыттары бойынша өзекті ақпарат ұсынды және егжей-тегжейлі түсіндірмелер берді. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Сымбат Қалиасқаров жұмыстың тәжірибелік қырларына, белгіленген фитосанитариялық талаптарды қатаң сақтауға, шекарада және аумақ ішінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібіне, сондай-ақ мамандар қызметінің жалпы тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

    Іс-шара соңында Астанада өткен V Еуразиялық экономикалық форумды дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қызметкерлеріне форумның Ұйымдастыру комитетінің Алғыс хаттары ресми түрде табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті" жаңалықтары