Пробация үйінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    2026 жылғы 19 қарашада Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №1 МӘС бөлімінің бас маманы Акжолова Жанна Максутовна Пробация үйіне барып, мекеме тұрғындарымен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында медициналық-әлеуметтік сараптама қызметтерін алу тәртібі, мүгедектікті белгілеу мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Сонымен қатар, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер мен ақпараттар ұсынылды. Мұндай кездесулер халықтың әлеуметтік құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары