Оқу-жаттығудың мақсаты - қысқы кезең
жағдайында авариялық-құтқару және
шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша азаматтық қорғау лауазымды тұлғалары мен қалыптастырылған құрылымдар басшыларының іс-қимыл дағдыларын жетілдіру.
Ic-шара барысында азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының дайындығы тексеріліп, қолайсыз ауа райы жағдайларындағы тас жолдардағы әрекет, хабар ошарсыз кеткен адамды іздестіру және от қазандықтағы авариялар жағдайларында әрекет ету алгоритмдері тәжірибе жүзінде пысықталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








