ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ: АЗАМАТТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛДІ
Тұрғындардың жер мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету — басты міндеттеріміздің бірі.
«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы (Оразбеков көшесі, 52) «Құқықтық кабинетте» қабылдау барысында жергілікті Қарабұлақ ауылы тұрғындарына жер заңнамасы аясында толық құқықтық консультация беріліп, тиісті мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Көрсетілген қызметтер мен түсіндіру жұмыстары:
Кезекке тұру және деректерді өзектендіру
ҚР Жер кодексіне сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскесін алу кезегіне тұру тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық жүйедегі азаматтың жеке мәліметтері өзектендірілді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту
Жер пайдаланушының өтініші негізінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін рәсімдеу алгоритмі түсіндіріліп, құжаттары тиісті тәртіппен қабылданды.
Цифрлық қызметтерді пайдалану
Азаматтарға eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жер қатынастары саласындағы өтінімдерді үйден шықпай-ақ онлайн форматта жіберу және кезек мәртебесін бақылау жолдары көрсетілді.
Жер қатынастары саласы бойынша тұрғындарға ақпараттық-құқықтық қолдау көрсету жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









