Құқықтық сауаттылық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды негізі
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау тақырыптарында құқықтық семинар өткізілді.
Семинарға Департамент мамандары және Zoom платформасы арқылы аумақтық басқармалардың қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік әдеп талаптарын сақтау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









