Ағымдағы жылдың 30 қазанында Мемлекеттік кірістер басқармасының (МКБ) мамандары, әкімдік қызметкерлері, жеке сот орындаушылары және аудандық жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, ауданның автомобиль жолдарында «Борышкер» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекет кірісіне төленетін салықтар мен айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау, сондай-ақ міндетті төлемдердің бюджетке уақтылы түсуін қамтамасыз ету.
Рейд барысында борышкерлермен қалыптасқан берешекті өтеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілік және жазаның бұлтартпастығы қағидаты түсіндірілді.
Құрметті салық төлеушілер!
Автокөлік құралдарының иелерін көлік салығы бойынша қалыптасқан берешектерін уақытылы өтеуге және салық берешегінің туындауына жол бермеуге шақырамыз.
Қосымша түсіндірме алу үшін 3-07-59 телефонына хабарласуға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









