Ағымдағы жылдың 13 қараша күні Аягөз аудандықҚоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Сыздықовжәне Аягөз аудандық Қоғамдық кеңесінің Жұмыс тобының мүшелері Н.Сильчукова және Р.Нурсултанова қаламыздағы Аягөз балаларға арналған арнайы қызмет көрсету орталығына және Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығыныңжұмысымен танысу мақсатында мекемелерге зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында мекемелердің күн тәртібінің ұйымдастырылуына, ас мәзіріне, асханалардың санитарлық жағдайына, тазалық бөлмелерінің талапқа сайболуына және ішкі тәртіптің сақталуына назар аударды. Қоғамдық кеңес жұмыс тобының мүшелері тарапынан мекеме басшыларына кішігірім ескертулермен ұсынымдар жасалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




