2026 жылғы 18 қарашада Науырзым аудандық мәслихаты аппараты мен Науырзым ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен «Заңдылық қағидаты және мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жеке жауапкершілігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында Науырзым аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Шахбутова Эльмира Нусупкожаевна баяндама жасап, мемлекеттік қызметтегі заңдылық қағидатын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындаудағы жеке жауапкершілігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар қызметінде заңнаманы қатаң сақтау, ашықтық, адалдық және әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




