ОтырысАяқталды
Мұғалімдер күні
5 қазан 2024 ж.Тікелей
Науырзым аудандық мәслихаты (жергілікті өкілді орган) – аудан халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Науырзым аудандық мәслихатының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
1994 жылы 7 наурызда елімізде алғаш рет жергілікті өкілді органдарға сайлау өтті және барлық жерде Мәслихаттар – Депутаттар жиналыстары құрылды. Кейінірек, 2001 жылы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның пайда болуымен жергілікті өкілді органдар мәслихаттар деп атала бастады.