Белгілі айтқыскер Әйбек Қалиевтің №41 мекемеде сотталғандармен кездесуі.

    1 / 2

    Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №41 мекемесінде сотталғандармен белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиевпен кездесу ұйымдастырылды.

    Айбек Қалиев — «Алтын домбыра» ұлттық сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, ұлттық айтыс өнерінің көрнекті өкілі.

    Кездесу барысында ақын ұлттық дәстүрлер, рухани құндылықтар, ана тілі мен мәдениетті құрметтеу туралы ой бөлісті. Сондай-ақ адамгершілік тәрбие, жеке жауапкершілік, өзін-өзі дамыту және өмірлік мақсаттарды дұрыс таңдау мәселелеріне тоқталды.

    Тағылымды жүздесу сотталғандардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және оң көзқарас қалыптастыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары