Семейде кәсіпкер әйелдер бас қосты

    1 / 8

    Семейде кәсіпкер әйелдерге арналған «Бизнес тур» форумы өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері және өңірдің кәсіпкер әйелдері қатысты.

    Форумның басты мақсаты — әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына үлес қосып жүрген іскер әйелдердің еңбегін атап өту, олардың тәжірибесін насихаттау және өзара ынтымақтастықты нығайту.

    🔹Кездесу барысында сарапшылар кәсіп жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісіп, бизнесті дамыту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, кәсіби байланыстарды кеңейту және іскер әйелдердің әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

    Қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев әйелдердің қала экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға қосып отырған үлесін атап өтті.

    «Қазақ қоғамында әйел қашанда парасат пен табандылықтың, береке мен бірліктің ұйытқысы болған. Бүгінде осы қасиеттерді кәсіпкерлікпен ұштастырып, өз ісін өркендетіп жүрген әйелдер қаламыздың экономикалық және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосып келеді. Сіздер кәсіп ашып, жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, талай жанға қолдау көрсетіп, жас буынның өзіне деген сенімін нығайтып жүрсіздер. Бүгінде қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 50 пайыздан астамын әйелдер басқарады. Әйелдер жетекшілік ететін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15 мыңнан асады. Бұл көрсеткіштің артында мыңдаған әйелдің тынымсыз еңбегі, батыл шешімдері мен үлкен жауапкершілігі тұр», — деді Жәнібек Мұқатаев.



    Іс-шара аясында кәсіпкерлікті дамытуға және қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін бірқатар кәсіпкер әйел қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    📷 inst | 🗳 fb | 🌐 gov.kz

    #СемейҚаласыныңӘкімдігі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары