«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Семей электротехникалық колледжінің 2 курс студенттерінің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу аясында «Заң және талап» атты пікірталас өткізілді.
Іс-шараға Семей қалалық Полиция басқармасы Қоғамдық Қауіпсіздік бөлімі, Ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ракимжанов Ерасыл Даулетович және ШҚО заң кеңес беру палатасының заңгер-кеңесшісі, кәсіби медиатор Жұмақанова Айгерім Орынбекқызы қатысты.
Шара қонағы Ерасыл Даулетович Ракимжанов сөз кезегінде оқырман қауымға заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың түрлері, оның себептері мен салдары туралы ақпарат берді. Ал кәсіби медиатор Айгерім Орынбекқызы заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті болып табылатынын, құқықтық сауаттылықтың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі ерекше екенін атап айтты.
Пікірталас барысында қатысушыларға «Заң дегеніміз не?», «Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін не істеу керек?», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себептері қандай?», «Әрбір азамат өз құқығы мен міндетін білуі не үшін маңызды?» деген сұрақтар қойылып, оқырмандар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Шараның жалғасында оқырмандар заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі рөлі, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар буллинг, кибербуллинг, интернеттегі қауіпсіздік сынды зиянды әдеттер және құқық бұзушылыққа итермелейтін әрекеттердің салдары талқыланды. Оқырмандарға түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылып, олардың заң тұрғысынан дұрыс шешім қабылдау жолдары туралы айтылды. Жасөспірімдер өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Заңды білу - өз құқығыңды қорғаудың ғана емес, өзгенің құқығын құрметтеудің де негізі екені айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысында «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, құқық, заң және тәртіп тақырыптарына арналған кітаптар мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды.
Пікірталас нәтижесінде оқырман қауым құқықтық сауаттылықты арттырудың, заң талаптарын орындаудың және құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығы туралы мағлұмат алды. Заңды құрметтеу, тәртіп сақтау және жауапкершілікті сезіну - қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі шарттары екені айтылды.
Қалалық орталық кітапхана
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









