Толеранттылық – мейірімділік әлемі

    1 / 5

    «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен Халықаралық шыдамдылық күні аясында «Толеранттылық – мейірімділік әлемі» атты infotime өткізді.

    Кітапхана қызметкері шара басында қатысушыларға толеранттылық ұғымы туралы түсінік берді.

    Іс-шара барысында қатысушылар «Жылы сөз – жанға қуат» атты комплимент айту жаттығуына қатысып, бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді атап, жылы лебіздерін білдірді.

    Сонымен қатар «Эмоцияны тап!» ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі эмоцияларды мимика мен қимыл арқылы көрсетіп, оларды табуға тырысты. Сонымен қатар ойын аясында ұсынылған жағдаяттық тапсырма арқылы студенттер адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзгенің сезімін түсіну, қиын жағдайда қолдау көрсету және өзара сыйластық мәселелерін талқылады.

    Іс-шараның келесі бөлімінде қатысушылар үш топқа бөлініп «Бір сурет – бірлік» атты шығармашылық сайысқа қатысты. Әр топ мүшелері кезекпен ортақ суретті жалғастырып, «Мейірімді әлем» тақырыбында бірлескен туынды жасады.

    Сайыс қорытындысында үздік топ анықталып, шағын сыйлық берілді.

    Қалалық орталық кітапхана

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары