Мемлекеттік қызмет: заңдылық, жауапкершілік және әдеп

    1 / 3

    Аппарат басшысы Е. Турсын ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселелері талқыланды.

    Атап айтқанда, қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі нормалары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты қойылатын шектеулер мен тыйымдар түсіндірілді.

    Сонымен қатар, қызметтік тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, лауазымдық өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу барысында лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) мәселесі де қозғалды. Оның адамның жеке өміріне, кәсіби қызметіне және іскерлік беделіне кері әсері туралы айтылды. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуі және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетпеуі тиіс екендігі атап өтілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге заңнама талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосу қажеттігі ескертілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары