Жол қозғалысы ережелерін сақтау-әрбір азаматтың міндеті. Жолдардағы қауіпсіздік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігіне байланысты. Жол қозғалысы ережелерін сақтау адам өмірін сақтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.
Жолдардағы қауіпсіздік үшін:
Бағдаршам сигналдарын орындаңыз.
Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өтіңіз.
Белгіленген жылдамдықтан аспаңыз.
Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз.
Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланбаңыз.
Жолдардағы балалардың қауіпсіздігін қадағалаңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









