Қарасу ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Қарасу ауданының әкімдігі аудан әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде Қарасу ауданының аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы

    Жұртшылықты хабардар ету мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілгені туралы хабарлаймыз. 2026 жылғы 08 маусымда сағат 15-те "Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Исаков көшесі, 68, 3 қабат ғимаратында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық тыңдау өтеді!

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ГУ «аппарат акима Карасуского сельского округа» ул. Исакова 68, 3 этаж,
    ОтырысАяқталды

    Ораза айт қабыл болсын!

    Құрметті Қарасу ауданының тұрғындары! Сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз! Бұл жарқын мереке әр үйге бейбітшілік, жақсылық пен өркендеу әкелсін, жүректерді қуанышқа, жылулық пен түсіністікке толтырсын. Отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, келісім және молшылық тілейміз. Барлық жақсы ниеттер мен хабарламалар қабылдансын. Ораза айт қабыл болсын!

    20 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Ж. Сюндиков азаматтарды қабылдайды

    "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" ММ 2026 жылғы 29 қаңтарда сағат 11.00-де өтетін мемлекеттік қызметшілер мен өзге де мүдделі тұлғалардың Әдеп жөніндегі уәкілінің құзыретіне жатқызылған проблемалық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауға қатысуға шақырады. Қабылдау барысында әрбір тілек білдіруші қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша түсініктеме ала алады.

    29 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ГУ "Аппарат акима Карасуского района", с.Карасу, ул.Исакова, 73

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте құқығы бар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, сіз тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз. Құқықтық негіздердің болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұза отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен қатар, сіз уақытша тұрғын үй беру мәселесін қарау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады. Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін Электрондық үкімет порталында авторлық тіркелу, ЖСН көрсету және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау» сервисін таңдау керек.

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді. ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген.

    ·
    Сұрақ

    Қарыз жүктемесін төмендету бойынша көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабындағы 1-тармағына сәйкес, банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Заңның 7-бабындағы 3-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. Көрсетілген талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың банктерді қарыз аушылардың банктік заемдері бойынша шарттарын өзгертуге міндеттеу бойынша құқықтары жоқ (атап айтқанда сыйақы ставкасын төмендету, төлеу кестесін өзгерту, төлемдер бойынша мерзімін шегеру, қарызды кешіру және т.б.). Осыған байланысты сіз қарызды қайтару шартын өзгерту туралы өтінішіңбен қарыз алған банкке баруыңыз қажет. Банк сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ішкі банктік бағдарламалар шеңберінде аталған қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен басқа банктерге барып өтініш бере аласыз.

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж келесі санттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Заңның 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер: 1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса; 2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса; 2-1) өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса; 3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 4) өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса; 6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

    ·
    Ақпарат

    Қарасу ауданы әкімі аппаратының және Қарасу ауданы әкімдігінің бөлімдеріндегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар туралы ақпарат 2026 жылғы 1 тамыз

    №п/п Биліктің атауы Бос орындар саны Бос лауазымдардың атауы бос уақыты 1 «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ 1 бас маман қаржы-шаруашылық бөлімінің – 19.03.2026 ж. 2 «Октябрь аулдық округі әкімінің аппараты» ММ 1 жетекші маман – 5.02.2026 ж. 3 «Қарасу аулдық округі әкімінің аппараты» ММ 1 әкімінің орынбасары – 13.02.2026 ж. 4 «Новопавлов аулы әкімінің аппараты» ММ 1 жетекші маман – 2.07.2026 ж. 5 «Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 1 басшысы – 2.09.2025 ж. 6 «Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 1 бас маман – 25.05.2026 ж. 7 «Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 1 бас маман – 1.06.2026 ж. 8 «Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 1 бас маман – 1.06.2026 ж. БАРЛЫҚ 8 Орындаушы Карамурзина Гульнара Робертовна Тел. 8 714 52 21576

    Жарияланды:
    Үндеу

    Азаматтардың оң шешілген өтініштері

    Кейс 1: Азаматтың нақты тұрғылықты жерін анықтау туралы өтініш келіп түсті. Әкімдіктің ұстанымы: Азаматтың нақты тұрғылықты жерін анықтауға қатысты жауап берілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 7 айында Қарасу ауданы бойынша азаматтардың өтініштері бойынша ақпарат.

    2026 жылдың есепті кезеңінде Қарасу ауданының жергілікті атқарушы органдарына барлығы 400 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде: 102 Қарасу ауданы әкімінің аппаратына түсті; 298 мемлекеттік органдар мен ауылдардың, ауылдық округтердің аппараттарына түсті. Өтініштердің түрлері бойынша: 103 өтініш; 4 шағым; 293 басқа (сұраулар, ұсыныстар, жауаптар). Мемлекеттік органдарда түскен жері бойынша 323 өтініш немесе 81% қаралды. Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің ең көп саны: Еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелері -24 (6%); ауыл шаруашылығы-27 (6,8%); Әрекет/әрекетсіздік (шағым) - 4 (1%); Жерді пайдалану-24 (6%); Құрылыс-7 (1,75%); ТКШ-74 (18,5%); Басқалары -240 (60%). Есепті кезеңде ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшылығымен (аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлімдердің басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері) 23 жеке қабылдау өткізілді. Оның ішінде: аудан әкімі - 7 қабылдау (7 өтініш беруші қабылданды), әкімдердің орынбасарлары - 4 қабылдау (4 өтініш беруші қабылданды). Ауыл және ауылдық округ әкімдері 12 қабылдау өткізді. Жамбыл ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш беруші қабылданды), Қарамырза ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш беруші қабылданды). Люблин ауылдық округінің әкімі 3 қабылдау өткізді (3 өтініш беруші қабылданды). Новопавловка ауылының әкімі 2 қабылдау өткізді (2 өтініш беруші қабылданды). Челгашин ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш беруші қабылданды). Жалғысқан ауылының әкімі 2 қабылдау өткізді (2 өтініш беруші қабылданды). Ильичевка ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш беруші қабылданды). Октябрь ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш беруші қабылданды). Жеке қабылдауға жүгінген мәселелердің сипаты бойынша өтініштер бөлінді: Көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері - 14; Еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелері -2; Басқалары-7. Шағымдар бойынша қосымша. Келіп түскен өтініштердің ішінде аудан әкімінің аппаратында 4 шағым бар (1 – толық қанағаттандырылды,1-толықтырусыз,1-қайтарып алынды).

    Жарияланды:
    Шешім

    Қарасу ауданы бойынша шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қарасу ауданындағы жатақханаларды, Қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында 2026 жылға арналған шетелдік азаматтар үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Қарасу ауданы бойынша шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қарасу ауданындағы жатақханаларды, Қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында 2026 жылға арналған шетелдік азаматтар үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ерте кәсіби дайындық-қазіргі заманғы мемлекеттік қызметке жаңа қадам

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғыртуды көздейтін "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қолданылады. Азаматтарды мемлекеттік қызметке ерте кәсіби даярлау түбегейлі жаңа бағыттардың бірі болды. Егер бұрын болашақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау негізінен жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін басталған болса, енді мемлекет жастарды оқыту кезеңінде де кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Инновацияның басты мақсаты - мемлекеттік қызметті саналы түрде таңдайтын, қажетті білімге ие, мемлекеттік басқару қағидаттарын түсінетін және қоғамның игілігі үшін тиімді жұмыс істеуге дайын жас мамандарды қалыптастыру. Ерте кәсіптік даярлық мемлекеттік басқару, заңнама, мемлекеттік қызмет жүйесі туралы базалық білімді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіге қажетті кәсіптік және жеке құзыреттерді дамытуға бағытталған оқытуды көздейді. Клиентке бағдарлануды, жоғары құқықтық мәдениетті, жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттерді, топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс ең алдымен жоғары сынып оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне бағытталған. Жастар мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптармен, кәсіби даму перспективаларымен және кадрларды іріктеудің заманауи цифрлық құралдарымен алдын ала танысуға мүмкіндік алады. Жаңа Заң мемлекеттің кадрлық әлеуетін қалыптастырудың заманауи тәсіліне көшуді көрсетеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет тек жұмыс орны ретінде ғана емес, сонымен қатар құзыреттілік, парасаттылық, жауапкершілік және тұрақты даму ерекше мәнге ие кәсіби орта ретінде қарастырылады. Сондықтан заңнама қағидаттарының бірі мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз етті. Ерте кәсіптік даярлықты практикалық іске асыру мемлекеттік органдарды ынталы және дайындалған жас мамандармен қамтамасыз етуге, қызметке кіргеннен кейін оларды бейімдеу кезеңін қысқартуға және мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қостанай облысында жастарды ерте кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс бірнеше жылдан бері жүргізіліп келетінін айта кету керек,. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті студенттерді мемлекеттік органдардың қызметімен, мемлекеттік қызмет қағидаттарымен және кәсіби мансап құру мүмкіндіктерімен таныстыратын «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасын іске асырады. Жыл басынан бастап «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы аясында 30 ЖОО студенттері мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтті. Жаңа заң аталған жұмысқа заңнамалық негіз берді және оның елдің болашақ кадрлық әлеуетін қалыптастыру үшін маңыздылығын растады. Ерте кәсіптік даярлық жүйесін дамыту мемлекеттік қызметтің жаңа моделін – ашық, кәсіби, клиентке бағдарланған және талантты жастар үшін тартымды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Дәл осындай мамандар болашақта мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуды қамтамасыз ететін болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті

    Жарияланды: