Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

    Қарасу ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады.

    Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге мүмкіндік береді.

    Ол үшін Электрондық үкімет порталында авторлық тіркелу, ЖСН көрсету және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау» сервисін таңдау керек.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының...

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Же...

    Сұрақ

    Қарыз жүктемесін төмендету бойынша көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабындағы 1-тармағына сәйкес, банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше...

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет»www.egov.kzвеб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергі...