1 / 4
Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді жалғастырды.
Тексерулер барысында учаске басшылары мен сайлау комиссиясының мүшелері тиісті ұсыныстар алып, өрт қауіпсіздігі шаралары мен төтенше жағдайлардағы тәртіп ережелері бойынша оқытудан өтті.
Бұл жұмыс азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қауіпсіз сайлау өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Қауіпсіздік әркімнің жауапкершілігінен басталады!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









