1 / 5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН 250 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ.
Түркістан облысында 2026 жылы 1 млн 250 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл 10 айдың қорытындысымен 988,5 мың шаршы метрі берілсе, қалғаны жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылады. Бұл туралы баспасөз жиынында Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов мәлімдеді.
«2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірде құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 586 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2 пайызға артты. Жыл соңына дейін 58 нысанды пайдалануға беру көзделсе, оның 42-сі аяқталған. Қалған 37 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Білім саласында 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 9 мектептің құрылысы жоспарланып, 8 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 4 жаңа буын өкілдерін дамыту орталығына 4,2 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстар жалғасуда. Созақ ауданындағы №1 колледжге арналған 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, «Woosong» корей-қазақ университетінің қосымша оқу корпусының құрылысы басталды. Денсаулық сақтау саласында 3 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының кәріз жүйесі қайта жаңғыртудан өтті. Сарыағаш қаласында көпбейінді аурухана мен Ордабасы ауданының Темірлан ауылында перинаталдық орталықтың құрылысы басталды. Сондай-ақ, Түркістан қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қорының қаражаты есебінен 80 орындық перзентхананың құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мәдениет саласында 13 нысанның құрылысына 5,5 млрд теңге бағытталып, оның 11-і пайдалануға берілді. Спорт саласында 3,4 млрд теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізіліп, 5 нысан тапсырылды. Одан бөлек, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Бәйдібек ауданының Теректі және Келес ауданының Ошақты елді мекендерінде ангар үлгісіндегі екі спорт залы салынып, пайдалануға берілді» - деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы 3 нысанның құрылысына 4,4 млрд теңге бөлінген. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданындағы «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны – 16,6 млрд теңге. Сондай-ақ, Төлеби ауданындағы «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі. Түркістан қаласындағы Шаға өзенінде ағызу каналының арнасын өзгерту жұмыстары да жалғасуда. Жоспарланған 10,1 шақырым каналдың 9,9 шақырымы салынды.
Одан бөлек тұрғын үй сатып алу бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Арендалық тұрғын үй қорын толықтыру үшін 546 пәтер сатып алуға 9,2 млрд теңге бөлініп, 373 пәтер сатып алынды. Бұдан бөлек, 1 533 несиелік пәтер сатып алуға 21,3 млрд теңге қарастырылып, қазіргі таңда 16,4 млрд теңгеге 1 398 пәтер сатып алынған. Оның 1 382-сі «Отбасы банкке» берілсе, қалған 135 пәтер бойынша конкурс жарияланып, сатып алу жұмыстары жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








