Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні қарсаңында, 2026 жылғы 12–13 қарашада Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы базасында «Теория және инновациялар: ерте диагностика және асқынулардың алдын алу. Негізгі қағида – көрсеткіштерді нысаналы диапазонда ұстау (Time in Range). Практикалық сабақ: полинейропатияны анықтау, өлшеу және диагностикалау» тақырыбында оқыту семинарлары өткізілді.
2026 жыл «Қант диабетіне қарсы ерте әрекет ету» ұранымен өтуде.
Семинар барысында көмірсулар алмасуының жасырын бұзылыстары мен предиабетті ерте диагностикалау мәселелері, оның ішінде қауіп-қатерді бағалау шкалалары мен заманауи зертханалық маркерлерді пайдалану, кардиореналдық және метаболикалық қорғаныс, асқынулардың алдын алу (қатар жүретін ауруларды терапиялық басқару) мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, балалардағы семіздік мәселелеріне, атап айтқанда, диагностикалаудың заманауи критерийлеріне (дене салмағы индексінің стандартты ауытқу көрсеткіші – SDS ДСИ), асқынуларға скрининг жүргізуге және пациенттерді жүргізу тактикасына ерекше назар аударылды. Педиатриядағы метаболикалық синдромды уақтылы анықтау және 2-типті қант диабетінің дамуын болдырмау жолдары талқыланды.
Семинардың негізгі мақсаты – көмірсулар алмасуының бұзылыстарын ерте анықтау, асқынулардың алдын алу және өзекті клиникалық хаттамаларды күнделікті дәрігерлік тәжірибеге енгізу мәселелері бойынша медицина ма мандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинардың теориялық бөлімінде жетекші бейінді сарапшылар скрининг жүргізудің заманауи алгоритмдерін, қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге бағытталған дербестендірілген емдеу тәсілдерін, сондай-ақ жоғары қауіп тобындағы пациенттерде қан тамырлары асқынуларының алдын алу әдістерін жан-жақты түсіндірді.
Семинар аясында шеберлік сабағы өткізіліп, оның барысында мамандар келесі практикалық дағдыларды меңгеріп, пысықтады:
- Гликемияны өздігінен бақылаудың заманауи құралдарын, глюкоза деңгейін үздіксіз мониторингтеу жүйелерін және инсулин помпаларын қолдану техникасы;
- Күрделі клиникалық жағдайларды талдау негізінде инсулин терапиясын таңдау және түзету алгоритмдері;
- Диабеттік табан синдромының даму қаупін бағалау және экспресс-скрининг жүргізу;
- Диетотерапия және ауруды өздігінен басқару мәселелері бойынша пациенттерге тиімді кеңес беру әдістері.
Семинарға қатысушылар күрделі клиникалық жағдайларды жан-жақты талдап, өзара практикалық тәжірибе алмасты.
Семинар спикерлері: Т.С. Сергалиев– «Медициналық технологиялар және менеджмент ғылыми-зерттеу институты» ЖШС маманы, медицина ғылымдарының кандидаты; З.М. Тұтқышбаева– Қарағанды облысының ересек тұрғындар бойынша штаттан тыс бас эндокринологы; Р.К. Станбекова– Қарағанды облысының балалар эндокринологиясы бойынша штаттан тыс бас эндокринологы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






