Қарағанды облысының медицина қызметкерлерімен семинар-тренингтер өткізу

    Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу ретінде медициналық ұйымдарда дезинфекциялық-стерилизациялық режимді ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Көп рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар мен медициналық бұйымдарды дезинфекциялау, стерилизация алдындағы тазалау және стерилизациялау. Сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде стерильділікті қамтамасыз ету. Бір рет қолданылатын медициналық бұйымдармен жұмыс істеу және оларды кәдеге жарату қағидалары» тақырыбында тренинг-семинарлар ұйымдастырды.

    Тренинг-семинардың негізгі мақсаты — медицина персоналының кәсіби құзыреттілік деңгейін жүйелеу және арттыру арқылы медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың (МККБИ) туындау және таралу тәуекелдерін барынша азайту.

    Семинар-тренинг бағдарламасы келесі міндеттерді шешуге бағытталды:

    · Процестерді стандарттау: медициналық құрал-саймандарды дезинфекциялау, стерилизация алдындағы тазалау және стерилизациялау бойынша бірыңғай нормативтік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

    · Биологиялық қауіпсіздік: бір рет қолданылатын медициналық бұйымдармен қауіпсіз жұмыс істеу және оларды кәдеге жарату регламенттерін сақтау;

    · Логистикалық кезеңдерді бақылау: медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық ұйым ішінде сақтау және тасымалдау кезінде стерильділік талаптарының бұзылуын болдырмау.

    Семинар спикері — «Медициналық технологиялар және менеджмент ғылыми-зерттеу институты» ЖШС маманы, «Medical Assistance Group» ЖШС АФ дәрігер-эпидемиологы, медицина ғылымдарының кандидаты Даниярова Анара Бахиткеревна.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары