1 / 6
Қарауылкелді кентінде ағымдағы жылғы шілде айында болған қатты дауыл салдарынан зақымданған электр инфрақұрылымы қалпына келтірілді.
🔹«Сенім Құрылыс KZ» ЖШС Жаңа құрылыс-1 көшесіне жаңа трансформатор орнатып, Бәйішев, Бармақ батыр, Солтүстік-4 және Солтүстік-5 көшелеріндегі электр желілерін жөндеп, қалыпқа келтірді.
🔹Сонымен қатар, Қарауылкелді – Жарқамыс бағытындағы дауылдан зақымданған 14 темір тірек қалпына келтіріліп, ауылға кіреберісте орналасқан сәулеттік арканың жарықтандыру жүйесі қайта іске қосылды.
🔹Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде дауылдан зақымданған электр инфрақұрылымының жұмысы қалпына келтірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









