Шымкент қаласында малды қараусыз қалдыру деректерінің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Кезекті рейд барысында қала аумағында қараусыз жүрген 6 бас мал анықталды. Мал иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ол жауапкершілікке тартылды.
Полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмауды ескертеді. Малдың бақылаусыз жүруі жол-көлік оқиғаларына және өзге де келеңсіз жағдайларға себеп болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









