Қыс мезгілінің жақындауына байланысты газдан және көмірден улану қаупі артады. Әсіресе пеш жағу кезінде иіс тиіп, улану жағдайлары жиі кездеседі. Осы қауіптің алдын алу мақсатында демеуші азаматтардың қолдауымен Қоғам ауылындағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне газ бен көмірден уланудың алдын алатын сигнализатор (датчик) тегін орнатылды. Бұл шағын ғана құрылғы - үлкен өмірді сақтап қалуы мүмкін. Газ шығып кетсе немесе пештен иіс тие бастаса, құрылғы бірден дыбыс шығарып, отбасы мүшелерін оятады, ескертеді. Балалардың амандығы - бәрінен қымбат. Бір үйді аман сақтау - бір әлемді сақтаумен тең. Құрметті ауылдастар!
Пешті жағар алдында мұржаның тартылысын тексеріп, көмір толық жанбай жаппай, ұйықтар алдында пешті қарап шығуларыңызды сұраймыз. Өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтаңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









