«ДАЛА ДӘМІ»: ҚҰРМАНСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРІ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚАТЫСТЫ
«Дала дәмі» республикалық тұжырымдамасы аясында сенбі күні Ақтөбе облысында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аталған жәрмеңкеге Мәртөк ауданы, Құрмансай ауылдық округінің шаруа қожалықтары қатысып, қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды.
Атап айтқанда:
🔹 Шульц Евгений Викторовичтің «Влад-2025» шаруа қожалығы ірі қара мал етін ұсынды.
🔹 Липов Юрий Алексеевичтің «Максим» шаруа қожалығы қаз, үйрек және күркетауық етін саудаға шығарды.
Өнімдер «Табыс» коммуналдық базарында сатылымға ұсынылды.
Жәрмеңке барысында ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылды. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы әрі табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.
Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, отандық өнімнің саудасын дамытуға және ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









