🚧 ЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Құрмансай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жалғасбай Ұлан Мәртөк ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Қалимағамбетовтің қабылдауында болды.
Кездесу барысында Құрмансай ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар және ауылішілік автомобиль жолдарын жазғы және қысқы мезгілдерде күтіп ұстау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолынан Құрмансай – Шаңды – Егізата бағытындағы жолды грейдерлеу бойынша алдағы жоспарлар қарастырылды.
Жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









