Қазақстан және Ческе-Будеёвице: өңіраралық ынтымақтастықтың перспективалары

    1 / 2

    Прага, 2026 жылғы 22 қазан -Оңтүстік Чехия өлкесіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Ческе-Будеёвице қаласы магистратының хатшысы Зденек Ржерабекпен кездесті.

    Қазақстандық дипломат қала магистраты жұмысының ерекшеліктерімен, муниципалитетті басқару жүйесімен және қала әкімшілігі қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Жиырма жылдан бері осы жауапты лауазымды атқарып келе жатқан З.Ржерабек Ческе-Будеёвице қаласын дамыту, ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғындарымен, кәсіпкерлер қауымдастығымен, білім беру мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі практикалық тәсілдер туралы айтып берді.

    Соңғы жылдары қалада және Оңтүстік Чехия өңірінде орын алған өзгерістерге ерекше назар аударылды. Магистрат хатшысы қала инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көлік жүйесін жетілдіру, коммуналдық шаруашылықты қолдау, сондай-ақ қалалық ортаның сапасын арттыру шаралары туралы ақпарат ұсынды. Ческе-Будеёвице қаласының тарихи келбетін сақтауға және сонымен қатар оның заманауи дамуына жағдай жасауға бағытталған жобалар жеке атап өтілді.

    Сұхбаттасушылар/әңгімеге қатысушылар Қазақстан өңірлері мен Ческе-Будеёвице қаласы арасындағы байланыстарды дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени, білім беру және туристік салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қалалар мен өңірлер арасында тікелей байланыстар орнату, муниципалдық басқару, қала құрылысы және орнықты даму жобаларын іске асыру салаларында тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

    Елші сұхбаттасын/әңгімелеушіні Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, өңірлерді жаңғырту үдерістерімен және чехиялық әріптестермен өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерімен таныстырды. Ол Қазақстан өңірлерінің өнеркәсіп, логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру және инновациялар салаларында ынтымақтастық орнату үшін елеулі әлеуетке ие екенін атап өтті.

    Әңгіме барысында екі елдің іскер топтары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, білім беру мекемелері мен мәдениет ұйымдары арасындағы тікелей байланыстардың маңызы да атап өтілді. Өзара іс-қимылдың мұндай форматы тәжірибе алмасумен қатар, нақты бірлескен жобаларды әзірлеуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Кездесу Ческе-Будеёвице қаласы мен Оңтүстік Чехия өлкесінің дамуы, қаланы басқару және ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру тәсілдері жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді. Тараптар Қазақстан - Чехия ынтымақтастығын нығайтудағы өңіраралық байланыстардың маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстан мен Оңтүстік Чехия өлкесінің муниципалитеттері арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары