Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, куәландырылушы адам немесе оның заңды өкілі медициналық-әлеуметтік сараптаманың сараптамалық қорытындысымен келіспеген жағдайда, қорытындыны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға немесе әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға шағым беруге құқылы.
Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес қаралады. Шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі:
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым аумақтық бөлімшенің немесе Комитет басшысының атына беріледі.
Аумақтық бөлімшеге келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








