«Адал полицей» акциясы аясында Ішкі істер министрлігінде «Әділетті полицей» турнирі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, адалдық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ қызметтік ынтымақтастықты нығайту.
Турнирге еліміздің әр өңірінен келген полиция қызметкерлері қатысып, өзара бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің командасы II орынды иеленіп, жүлделі нәтиже көрсетті.
Бұл жетістік – қызметкерлердің ұйымшылдығы, кәсіби дайындығы мен ортақ мақсат жолындағы табанды еңбегінің көрінісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









