Встреча на тему противодействия коррупции

    1 / 3

    Карамышевка ауылдық округ халықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кездесу өткізілді

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» тақырыбында Карамышевка ауылдық округінің әкімі Хамзин К. К. ауылдық округі халықпен кездесуі өткізілді.
    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу мәселелері талқыланды.
    Сонымен қатар әрбір азамат пен мемлекеттік қызметшінің заң талаптарын сақтаудағы жеке жауапкершілігіне, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет! Адалдық пен заңдылық – қоғам сенімінің негізі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Бұланды ауданының Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары