НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

    Түркістан облысы тұрғындарымен тікелей байланыс орнату, елді мекендердегі өзекті мәселелерді анықтау және олардың шешілуіне ықпал ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

    Кездесу барысында тұрғындар елді мекендердегі өзекті мәселелерді көтеріп, инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу, ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыру және жер учаскелерін бөлу мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлік, спорт және тұрғын үй салаларына қатысты мәселелер де қозғалды.

    Облыс әкімі әрбір өтініштің маңыздылығын атап өтіп, жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін заң аясында қарап, оларды шешу жолдары бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді міндеттеді. Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапты.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары