ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ – БАСТЫ НАЗАРДА

    1 / 5

    ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ – БАСТЫ НАЗАРДА

    Бүгін аудан тұрғындарын кезекті жеке қабылдауымда қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдадым.

    Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үйдің шатырын жөндеу, жер теліміне қатысты мәселелер, жол қауіпсіздігі, көшелерді асфальттау, ауызсу және кәріз жүйесі, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік көмек, абаттандыру, гараж, дүңгіршек және жерді заңдастыру мәселелері көтерілді.

    Сонымен қатар, тұрғындар аулаларды абаттандыру, жол қозғалысын реттеу және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

    Әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар бердім. Тиісті мекемелерге заң аясында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырдым.

    Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру және өзекті мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету – жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары