СӘТБАЕВТА ГАЗ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖУМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    Сәтбаевта газ құбыры мен газ тарату желілерін салу жұмыстары басталды. 2026–2028 жылдарға жоспарланған жоба қаладағы 2 745 жеке тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды табиғи газға қосуға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.

    Жоба аясында жалпы ұзындығы 118,7 шақырым газ құбыры тартылады. Оның 11,7 шақырымы жоғары қысымды, 14,2 шақырымы орташа қысымды және 92,8 шақырымы төмен қысымды газ желілерін құрайды. Сонымен қатар газ қысымын реттейтін арнайы қондырғыларды орнату көзделген.

    Жобаның мердігер ұйымы - «Asia Caspian Construction» ЖШС.

    Қазіргі уақытта мердігер ұйым газ құбырын төсеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сәтбаев қаласының әкімдігі" жаңалықтары