1 / 4
АУДАН АУМАҒЫН АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін аудан аумағын кезекті аралау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар өзекті мәселелермен таныстым.
Атап айтқанда, коммуналдық қызмет көрсету, санитарлық тазалық, балалар ойын алаңшалары, тұрғын үйлердің жай-күйі, ауыз сумен қамту, көше жарықшамдары және құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер зерделенді.
Көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алдым.
Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – басты назарымызда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









