2026 жылғы 7 қыркүйекте «Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілерге белгіленген шектеулер мен тыйымдар, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық, парасаттылық, объективтілік және жауапкершілік қағидаттарын сақтауына, мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуіне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





