2026 жылғы 10–15 қараша аралығында Түркия Республикасының Мерсин қаласында өткен унифайт спорт түрінен әлем чемпионатында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
Әлемдік додаға 36 елден 378 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Атап айтқанда, Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Мақсат Талғатұлы Оңалбаев пен Мәди Әлімұлы Досмұхаметов +95 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Бұл жеңіс – полиция қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарумен қатар, спорт саласында да жоғары жетістіктерге қол жеткізе алатынының айқын дәлелі.
Жетісу облысы Полиция департаменті әлем чемпиондарын айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейді!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









