Жетісу полицейінің еңбегіне алғыс білдірілді

    1 / 3

    Жетісу облысы Полиция департаментінің басшылығына «Күреңбел» несие серіктестігінен Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Еркебұлан Тағаевтың атына алғыс хат келіп түсті.

    Серіктестік өкілдері қаржылық операцияларға қатысты күрделі қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерінің жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және табандылығын ерекше атап өтті.

    Тергеу барысында қызметкер қаржылық құжаттарды жан-жақты зерделеп, аудиторлық зерттеу жүргізуге бастамашылық танытқан. Сондай-ақ істің мән-жайларын анықтау үшін маңызды деректерді қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыс атқарған.

    Алғыс хатта тергеушінің әрбір мәселеге мұқият қарауы, қызметтік міндеттерін адал орындауы және істің барлық мән-жайын объективті анықтауға деген ұмтылысы жоғары бағаланған.

    Сонымен қатар серіктестік басшылығы тергеушінің кәсібилігі мен елеулі жеке үлесін ескере отырып, оны марапаттау мүмкіндігін қарастыруды ұсынған.

    Мұндай алғыс хаттар полиция қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, олардың заңға адал қызмет етуі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары