Автобустарда балалар арбасын тасымалдау: нені білу керек?

    Автобусқа балалар арбасымен кіруге бола ма? Иә! Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды. 👶

    Бірнеше маңызды жайтты ескеру қажет:

    ✅ Автобус жолаушыларға толы болған жағдайда, басқа жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін балалар арбасын жинап қоюға болады.

    ✅ Егер арбаны жинау ыңғайсыз болса, оны жайылған күйінде алып жүруге рұқсат етіледі.

    Ең бастысы — өзара құрмет, басқа жолаушыларға түсіністікпен қарау және жол жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау.

    📌 Кішкентай балалары бар ата-аналарға түсіністік танытып, барша жолаушыға қолайлы жағдай жасауға шақырамыз!

    #Көлік #Автобус #БалаларАрбасы #ЖолаушыларТасымалы #Қазақстан

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" жаңалықтары