Ақмола полицейлері жоғалған 86 жастағы зейнеткерді іздеп тапты

    1 / 2

    Ақмола облысында полиция қызметкерлері Сандықтау ауданы Шантөбе кентінің 86 жастағы тұрғынын табуға көмектесті.
    Жалғыз тұратын зейнеткер ВАЗ-2107 автокөлігімен жолға шыққан. Алайда көлік қозғалыс кезінде кюветке жүріп кеткен. Қарт адам өз бетінше шыға алмаған, оған қоса бұл туралы туыстарына хабарлай алмаған.
    Анатолий Захарович байланысқа шықпай қойған соң келесі күні туыстары дабыл қақты. Ер адамның жоғалып кеткені туралы Сандықтау ауданының полиция бөліміне дереу хабарланды.
    Іздеуге полиция қызметкерлері мен жоғалған адамның туыстары жедел қосылды. Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, зейнеткердің қозғалыс бағытын анықтап, одан әрі іздеу шараларын ұйымдастырды.
    Сол күні көлік кюветтен табылды. Көлік ішінен зейнеткердің өзі де табылды. Қуанышқа орай, ер адам табылып, туыстарына тапсырылды.
    Анатолий Захаровичтің немересі полиция қызметкерлеріне қиын жағдайда жедел әрекеттері және қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар полицейлердің көлікті одан әрі эвакуациялаудағы көмегін атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары