Ұлытау облысының 14 колледжінде студенттермен кездесу өткізілді

    «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету және «Саналы ұрпақ» жобасы аясында 14 колледжде 800-ге жуық студенттермен кездесу өткізілді.

    Ұлытау облыс прокуратурасының қызметкерлері жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Онда заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері жастарға заң талаптарын құрметтеудің, құқықтық сауаттылықты арттырудың және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

    Сонымен қатар, жастарға құқық бұзушылықтар мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу жөнінде құқықтық бағыт-бағдар берілді.

    Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының прокуратурасы" жаңалықтары