Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төлемдерін рәсімдеу сылтауымен ақша жымқырғаны үшін сотталды

    Екінші деңгейлі банктердің қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында Ұлытау облысының прокуратурасы банк қызметкерінің ақша жымқыру фактісін анықтады.

    Анықталғандай, банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, азаматтарды алдау арқылы сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен өңір тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.

    Құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан Ұлытау облысының үш тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 200 000 теңгені құрады.

    Кінәлі тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының прокуратурасы" жаңалықтары