23 қазан күні Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті

    Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен іске асырылды.

    Заманауи мектепте оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Білім ошағында 18 оқу кабинеті, робототехника мен тігін кабинеттері, спорт залы, сондай-ақ баскетбол және футбол алаңдары бар.

    Іс-шараға Қаражал әкімі А. Елеусизов, қала прокуроры Ж. Малтиков, Ұлытау облысы білім басқармасының өкілдері, жергілікті ақсақалдар, сондай-ақ теміржол саласының ардагерлері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты.

    Қаражал қаласындағы бұл жаңа мектептің құрылысын жүргізуге арнайы мемлекеттік қордан 1,2 млрд теңге бөлінген.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының прокуратурасы" жаңалықтары