ШҚО-да масаң күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған азамат 20 тәулікке қамалды
Алкоголь ішкеннен кейін көлік тізгіндеу жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың бірі. Масаңдық деңгейі жеңіл болғанның өзінде рөлге отыруға болмайды.
Мәселен, жолда патрульдеу кезінде патрульдік полиция қызметкерлері «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 1126-шақырымында 28 жастағы ер адам басқарған автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Алкоголь ішіп көлік басқару мен жүргізуші куәлігінің болмауы – ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін қауіпті жағдай.
Өзіңізді де, өзгелерді де қатерге тікпеңіз. Рөлге отырмас бұрын көлікті қауіпсіз басқаруға қабілетті екеніңізге және оған заңды құқығыңыз бар екеніне көз жеткізіңіз.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









