Осакаров ауданында Қаржыгерлер күні атап өтілді

    Осакаров ауданында кәсіби мереке – Қаржыгерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Бұл күні бюджет қаражатын тиімді басқаруға, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген қаржы саласының мамандарына құрмет көрсетілді.

    Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, адал еңбектері, кәсібиліктері мен жауапкершіліктері үшін алғыс білдірді.

    Ауданның қаржы жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі мен еңбектегі жетістіктері үшін үздік мамандар аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Салтанатты іс-шара жылы лебіздер мен алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тілеген ізгі тілектермен аяқталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Осакаров ауданының әкімдігі" жаңалықтары