Шығыс Қазақстанда «EAST GATE Industrial Park» индустриялық аймағы құрылды

    Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Фрунзе ауылдық округінде өндірістік жобаларды орналастыруға және дамытуға арналған «EAST GATE Industrial Park» индустриялық аймағы құрылды.

    Ағымдағы кезеңде «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ индустриялық аймақтың әлеуетті резиденттерін анықтау үшін алдын ала өтінімдерді қабылдауда. Сонымен қатар ұсынылатын жобалар туралы мәлімет жиналып жатыр. Бұл өндірістік алаңдарға, жер телімдеріне және инженерлік инфрақұрылымға деген сұранысты анықтауға мүмкіндік бермек.

    Машина жасау мен металл өңдеу салаларындағы, соның ішінде жиынтықтаушы бөлшектер, тораптар, агрегаттар және өзге де өнеркәсіп өнімдерін шығару жобаларына басымдық беріледі. Айта кету керек, химия және электротехника өнеркәсібі де басым бағыттардың қатарында. Бұл салаларда химия өнімдерін, электротехникалық бұйымдар мен электр энергиясын жинақтау жүйелерінің құрамдас бөлшектерін өндіру көзделіп отыр. Құрылыс және әрлеу материалдарын, құрылыс конструкциялары мен олардың бөлшектерін шығаратын кәсіпорындардың, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің өзге салалары мен қызмет көрсету бағытындағы жобаларға да басымдық берілмек.

    Жаңа өндіріс ашуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейтіп, өндірісті ұлғайтуға, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған ұсыныстар қаралады. Қолданыстағы өндірісті индустриялық аймаққа көшіру және жиынтықтаушы бөлшектерді жергілікті жерде өндіруді жолға қою жөніндегі жобалар да құпталады.

    Жаңа индустриялық аймақта өндірістік жобасын орналастыруға мүдделі, инвестиция салып, жаңа жұмыс орындарын ашуға дайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен ірі компаниялар аймақ резиденті бола алады.

    Қатысу шарттары, қойылатын талаптар және жобаларды индустриялық аймаққа орналастыру тәртібі туралы толық ақпаратты сайттан оқи аласыз: https://www.gov.kz/org/akimvko/press/news/details/1326849?lang=kk

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары