2026 жылғы 6–7 қараша күні Астанада Испанияның Fiestalonia Milenio халықаралық ұйымы ұйымдастырған Fiestalonia Kazakhstan халықаралық байқауы өтті. Ауқымды шығармашылық дода талантты орындаушылардың басын қосып, қатысушыларға өз өнерлерін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік берді.
Байқауда М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Свет звёзды» үлгілі ән театрының тәрбиеленушілері Павлодар облысының намысын абыроймен қорғады. Жас өнерпаздар жоғары вокалдық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Жукина Айлана — I See Red әнімен 1-орын;
Рудницкий Климентий — Miracle әнімен 1-орын;
Евтодиенко Лев — Sous le ciel de Paris әнімен 1-орын;
Ахметова Айлин — The Winner Takes It All әнімен 2-орын;
Айлана Жукина мен Климентий Рудницкий дуэті — Shallow әнімен 1-орын иеленді.
Сонымен қатар ән театрының жетекшісі Елена Валько үшін де бұл байқау кәсіби тұрғыдан маңызды жетістікке ұласты. Ол «Халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын қалай дайындау керек?» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысқаны үшін арнайы сертификатпен марапатталды. Құжат Fiestalonia Milenio ұйымының атынан беріліп, ұйым президенті, доктор Давид Джапаридзенің қолымен расталған.
Халықаралық байқауға қатысу жас өнерпаздар үшін құнды шығармашылық тәжірибе жинақтауға, өз таланттарын танытуға және үлкен сахнада өнерлерін көрсетуге жол ашты.
Жас өнерпаздарды, ән театрының жетекшісі Елена Валько мен концертмейстер Светлана Миненконы лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт және жаңа жарқын жетістіктер тілейміз!
Талантты шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









