1 / 4
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметі аясында сараптама кеңесінің мүшесімен бірлесіп, «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ КМК «Сәтбаев қаласының ауруханасына» барды.
Сапар барысында медициналық мекеменің қызметімен танысып, азаматтардың медициналық көмек алу құқықтарының сақталу мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, пациенттердің құқықтарын қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету сапасы, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау тәртібі бойынша мәселелер талқыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









