🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримовтың қызмет аясында әлеуметтік қызмет көрсету бағыты бойынша Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты “Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы” ШЖҚ КМК жанындағы орталыққа барды.
Бұл сапардың негізгі мақсаты – мекемеде қызмет алушы азаматтар мен балаларға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық көмектің сапасын, олардың тұрмыс-тіршілік жағдайларын көзбен көріп, қолданыстағы стандарттар мен талаптарға сәйкестігін бағалау.
Бару барысында көрсетілетін қызметтерге кешенді талдау жасалып, мамандардың жұмыс барысы зерделенді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктер бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті органдарға жолданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









