1 / 5
2026 жылғы 12 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробациялық есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында қала прокуратурасы, пробация қызметі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Көкшетау қаласының мансап орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында атталған санаттағы азаматтармен сауалнама жүргізілді, оларға жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындар ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








