"Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ

    Бөлім туралы

    "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ ресми сайтында. Мұнда Сіз жұмыспен қамту саласында, қала халқын әлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпарат ала аласыз. Мемлекеттік мекеменің құрылымымен, сондай-ақ басшы мен қызметкерлердің жұмыс кестесімен таныса аласыз.

    Қарым — қатынас барысында біз қазіргі қоғамның дамуының ажырамас шарты ретінде өзіндік диалог құра аламыз деп үміттенемін. Сіздердің әрқайсыларыңыз біздің ведомствоның құзыретіне кіретін көптеген сұрақтарға жауап ала аласыздар.

    "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Аз қамтылғандардың барлығына тұрғын үй көмегі керек пе?

    Жауап

    Тұрғын үй көмегіне ҚР аумағындағы жалғыз тұрғын үйдің меншік иелері немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің жалдаушылары болып табылатын , әлеуметтік нормалар шегіндегі шығыстарды және өткен тоқсандағы кірістерді ескере отырып , аз қамтылған отбасылар жүгінуге құқылы .

    Сұрақ

    Тұрғын үй сертификатын кім талап ете алады?

    Жауап

    Көкшетау қаласында тұрғын үй алуға кезекте тұрған және 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй - коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде конкурсқа қатысушы болып табылатын алушылар санаттарының тізбесіне сәйкес келетін жеке тұлға * мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар ; * көпбалалы отбасылар ; * бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар ; • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған , кәмелетке толғанға дейін ата -анасынан айырылған балалар . Бұл ретте өтініш беруші мынадай талаптарға сай болуы тиіс : 1. еңбек ( кәсіпкерлік қызмет ) табысының болуы ( отбасының әрбір мүшесіне 134561,7 теңгеден жоғары емес ) 2. Конкурстан , төлем қабілеттілігін бағалаудан өту . 3. Қарыз сомасын , бастапқы жарнаның мөлшерін , ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлем сомасын көрсете отырып , Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің Отбасы туралы хабарлама алу .

    Ақпарат

    Қыркүйек айындағы мемлекеттік қызметтер

    «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2026 жылғы қыркуйек айында өткізген мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы ақпараты«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:• «Спорттық разрядтарды беру»;• «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету».Ағымдағы жылдың қыркуйек айында Бөліммен 73 мемлекеттік қызмет көрсетті.Дәлелді бас тартулар – 0.Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендтерінде және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.2026 жылдың қыркуйек айында мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағым түскен жоқ.Байланыс ақпараты Телефон: 8 (7162) 52-30-05 Істеу уақыты: сағ 9.00 - 18.30

    Жарияланды:
    НҚА

    «Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.

    Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы мәслихатының «Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі. Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтардың тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 6-тармағына сәйкес әзірленді. Осылайша, шешімнің қабылдануы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мүмкіндік береді. Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағымсыз салдарға әкеп соқпайды. Шешім жобасы 2026 жылғы 11 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылды. Осыған байланысты аталған шешім жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.

    Жарияланды:
    НҚА

    «Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № С-33/4 «Көкшетау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

    Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы мәслихатының «Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № С-33/4 «Көкшетау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі. Шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді. Осылайша, шешімнің қабылдануы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мүмкіндік береді. Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағымсыз салдарға әкеп соқпайды. Шешім жобасы 2026 жылғы 10 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылды. Осыған байланысты аталған шешім жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз. кта.

    Жарияланды:
    Шешім

    Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен 4 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Осы шешіміне 2-қосымшаға сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.»; көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында айқындалған Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. «Көкшетау қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді ресми жариялануды; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Көкшетау қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Көкшетау қаласы мәслихатының шешіміне қосымша Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешіміне 2-қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі: Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 тіркелген). Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № С-22/11 «Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30143 тіркелген). Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № С-26/7 «Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8508 тіркелген).

    Жарияланды:
    Мемлекеттік қызметтер

    Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы

    Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелді. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 99 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй көмегін беру қағидалары бекітілсін. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі К. Шарлапаев "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан РеспубликасыӨнеркәсіп жәнеқұрылыс министрінің2023 жылғы 8 желтоқсандағы№ 117 Бұйрыққа1-қосымша Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін айқындайды. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 99 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар; 3) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы; 4) шекті жол берілетін шығыстар – аз қамтылған отбасының (азаматтарына) айына ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы; 5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.03.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. Мемлекеттік қызмет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарына) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақы төленбейтін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтау жарналарын; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 5-тен 10 пайызға дейін белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 5-тармағына сәйкес астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары айқындайды. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (12.07.2026 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді: 1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды; тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды; 2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары; 3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары: бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су; бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су; 4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары; 5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды; 6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды; 7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды; 8) ағымдағы жарналар бір шаршы метр үшін жүз теңгеден аспайды; "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 3-тармағына сәйкес жинақтау жарналары; 9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды; 10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды. Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 28.07.2025 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.11.2025 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 99 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы. Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жібереді. Өтініште көрсетілген деректерге сәйкес көрсетілетін қызметті беруші қажетті мәліметтерді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы сұратады. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. "Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мемлекеттік корпорация өтінішті цифрлық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден осы Қағидалардың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жолданады. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды. Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлерінің) әрекеті: 1) Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күннен бастап осы Қағидалардың мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден деректерді қарауды жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады; 2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін – 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, отбасының кірісін растайтын құжаттарды (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), отбасы құрамын, жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманы (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтерді, банктік шотты, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шотты, коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттарды, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шотты сәйкестікке тексереді. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы құрамы Қағиданың 25-тармағына сәйкес анықталады. 3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған дәлелді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" немесе Мемлекеттік корпорация арқылы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі. Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 99 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады (жеке басын сәйкестендіру үшін). Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. 3-тарау. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу тәртібі Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған кірістердің барлық түрлері ескеріледі: 1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер; 2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі кірістер; 3) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін кірістер; 4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер; 5) жылжымайтын мүлікті және жылжымалы мүлікті жалға беруден және сатудан түсетін кірістер; 6) бағалы қағаздардан түсетін кірістер; 7) жылжымайтын мүлікті, жылжымалы мүлікті және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған кірістер; 8) өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер; 9) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі кірістер; 10) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда алынған, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздарды қоса алғанда, лотереялар, ұтыстар бойынша ақшалай және (немесе) заттай түрдегі кірістер; Осы Қағидалардың 20-тармағы 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген кірістер алынған уақытта ескеріледі және өтініш берушінің растайтын құжаттар қоса берілген еркін нысандағы жазбаша өтінішімен расталады. Жылжымайтын мүлiктi немесе жылжымалы мүлікті жалға беруден түскен кірістер жалдаушының (жалға алушының) төлемі туралы растайтын құжаттары бар мүліктік жалдау (жалға алу) шартының көшірмесін ұсынумен расталады. Отбасы (азамат) көрсеткен жылжымайтын мүлікті және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан алынған кірістер сату-сатып алу шартының көшірмесімен расталады. Сатылған сол тоқсанда жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатып алған жағдайда, сатып алынған жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүліктің құны мен сатудан алынған сома арасындағы айырма көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінде ескеріледі. Мыналар көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін есептеу кезінде жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды: 1) атаулы әлеуметтік көмек; 2) тұрғын үй көмегі; 3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы; 4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар; 9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің (училищелердің, колледждердің) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының студенттеріне төленетін мемлекеттік атаулы және атаулы стипендияларды қоса алғанда степендиялар; 10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек; 11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар; 12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында кірісі аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге көрсетілетін материалдық көмек; 13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және аз қамтылған азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес кірісі аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек; 14) үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек; 15) өтеусіз алынған ақша түріндегі кірісті қоспағанда, қайырымдылық көмек; 16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу; 17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау; 18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны; 19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек: дәрілік препараттар; санаторлық-курорттық емдеу; протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу); мүгедектігі бар адамға бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларына сәйкес ұсынылатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан, және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен балаларға материалдық көмек; бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем шеңберінде ұсынылатын көмек; 20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер; 21) "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу; 22) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы; 23) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері. Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 09.09.2024 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2025 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. Көрсетілетін қызметті алушының кірісін есептеген кезде мынадай: 1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар; 2) мерзімді әскери қызметтегі адамдар; 3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, бір елді мекен шегінде тіркелген бірге тұратын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысандарынан туындайтын міндеттермен байланысты отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын бірге тұратын адамдар ескеріледі. Бірге тұру фактісі: отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне; мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы ұйымдардан басқа, интернат ұйымдарында оқитын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балаларға олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) талап етілмейді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының құрамы тұрғын үй көмегіне өтініш берген сәтінде есепке алынады. Есептік кезеңде құрамында өзгерістер болған көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін есептеу кезінде келген отбасы мүшесінің кірісі келген күнінен бастап есепке алынады. Есепті кезеңде отбасы мүшесі кеткен кезде отбасының жиынтық кірісі кеткен күнінен бастап отбасының кеткен мүшесіне келетін жан басына шаққандағы орташа кіріс шегеріле отырып есептеледі. Отбасының жан басына шаққандағы орташа кіріс есептеу кезеңіндегi көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi. Шетелдiк валютада алынған кіріс "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi. Зат түрінде алынған кірістер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінде өтініш беруші алынған кіріс туралы мәліметтерде көрсеткен ақшалай баламасымен есептеледі. Отбасы көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда жиынтық кірісті есептеу жүргізілмейді. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады. Жиынтық кірістің құрамына қызметкерлер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші төлейтiн бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң кірісі бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, төлемдер, алименттер бойынша берешектер), алынған кіріс, сол кіріс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi. Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердiгерлiк және басқа) орындайтын адамдардың кірісі шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған кіріс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық кірісте есепке алынады. Өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде азаматтық-құқықтық шарт бойынша алынған кіріс шарттың көшірмесімен және тапсырыс берушінің жүгінер алдындағы тоқсанға алынған орындалған жұмыс (қызметтер) үшін сыйақы төлемінің мөлшері туралы анықтамасымен расталады. Азаматтық шарт жасамай жұмыспен қамтылған адамдардың жиынтық кірісі олардың өтініші негізінде расталады. Бұл жағдайда орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін сыйақы төлемінің заттай бөлігі нарықтық бағамен ақшалай эквивалентте жиынтық кіріске қосылады. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша, оның iшiнде ғылым, әдебиет, өнер, мәдениет туындыларын жасауға, шығаруға, орындауға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi. Өтініш беруші ұсынған, еңбекақы түрінде алынған кірістер жұмыс берушінің еркін нысандағы анықтамаларымен расталады. Республикалық бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер түрінде кірістер алу зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесімен не Мемлекеттік корпорацияның бөлімдері беретін анықтамалармен расталады. Көрсетілетін қызметті алушының кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық кірісін есептеген кезде мыналардан түскне кірістер ескеріледі: 1) өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан; 2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезінде құнының өсуінен; 3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған. Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық кірісін есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес салық органдарына ұсынылатын, алынған кірістер туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан нақты алынған кіріс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық кіріс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық кіріске қосылады; 4) адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы кірісі алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген кірістің сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен кем болмайтындай айқындалады. Жиынтық кіріс алынған шаманы не есепке жатқызу үшін белгіленген кіріс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер бойынша бір айдағы кіріс сомасы патенттің құнын есептеу кезінде мәлімделген кіріс сомасын осы есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болмайтындай айқындалады. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кіріс құрамында ескеріледі. Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінде олардың алынған уақыты бойынша ескеріледі. Отбасы мүшесі алатын алименттер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінде ескеріледі, ал отбасы мүшесінің басқа отбасында тұрып жатқан балаларға төлейтін алименттері кірісінен алып тасталынады. Асырауындағыларды асырап-бағуға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен адамдардың алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық кірісі көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша еркін нысандағы өтiнiш негiзiнде есептеледi. Төлеушi: 1) жұмыс iстемесе және мансаптық орталықта тұрғылықты жерінде жұмыссыз ретiнде тiркелсе (еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама берген кезде); 2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болса (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде); 3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде туберкулез, психо-неврологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрса; 4) Қазақстан Республикасының тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекетте тұрақты тұруға кетсе; 5) тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталатын спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына, сондай-ақ төлеушінің әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімімен расталатын құмар ойындармен және бәс тігумен байланысты балаларын және басқа да асырауындағыларды асырап-бағудан жалтарса, көрсетілетін қызметті алушның жиынтық кірісі алименттерді ескермей есептеледі. Егер жұбайлар (ерлі-зайыптылық) арасындағы неке бұзылса не бұзылмаса, олар бірге тұрған кезде көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінде алимент өндіріп алынған жұбайдың кірістері толық ескеріледі. Егер жұбайлар (ерлі-зайыптылық) арасында неке бұзылса, бірақ жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынбаса, оның кірістері олардың бірге тұру фактісіне қарамастан, көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінде толық ескеріледі. Балаларына және басқа да асырауындағыларға алынған алименттер ұйымдардың аударылған алименттер туралы анықтамалармен не алынған алименттер туралы пошта аударымдарының түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы актісін қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша берешек 3 айдан астам кезеңге қалыптасқан кезде сот орындаушысының алименттер бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кіріс көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінің құрамына қосылады. көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісінде ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған кіріс осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесіне, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісіті есептеу нормалары бойынша карточка, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісі есептеу нормалары бойынша карточка, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 11-қосымша) азық-түліктік пайдалануға арналған үй малы мен құстарының жасы, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка негізінде есептеледі. Нормалар бойынша карточкаларда келтiрiлген орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кірісті есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып түзетеді. Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған кіріс көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне еркін нысандағы жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Кірісті, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі. Кірісті есептеу үшін облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармалары "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті жылға қалыптастыратын Статистикалық жұмыстар жоспарында (бұдан әрі – Жоспар) көзделген мерзімдерде статистика органдары қалыптастыратын, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады. 11-қосымшаға сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл, балапан) үй малынан, құсынан алынған кіріс есепті кезеңде ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) кезде ғана Жоспарда көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйға тартқан немесе өткізген (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады. Есепті кезеңде малды (құсты) өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне тиісті өткізген айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Жоспарда көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы кіріс қосылады. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі жұмыс малы (жылқы, түйе) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен кіріс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, кіріс ет бағытындағы малдан түскен кіріс ретiнде есепке алынады. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық кіріс кірістің жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кірістерді есептеу нормалары бойынша жеке карточка осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырылады. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескеріп, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері нормалар бойынша карточкада көрсетілген (осы Қағидаларға 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен және олар бойынша жиынтық кірісі рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған үй малын, құсты және жер учаскесінде (үй жанындағы телiм, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп айқындайды. Шекті рұқсат етілген мөлшері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органымен алдын ала келісілгеннен кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселігінде белгіленеді. 4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады. 5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі. ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады. Тұрғын үй көмегін көрсетуқағидаларына 1-қосымшанысан_____________________________________ басшысынаазамат (ша) ______________аты-жөні, әкесінің аты (барболса) және жеке сәйкестендірунөмірі өтініш берушініңмекенжайы:________________________(елді мекеннің атауы,тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны) Өтініш Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мен __________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), _________________________________________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы) тұрғын үй иесі (жалдаушы), жеке куәлігінің нөмірі, берген органның атауы _________________________________________________________________ менің отбасыма жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй үшін төлем тағайындауды сұраймын, ______ адам саны, тұрғылықты жері мекен-жайы: __________________________________________________________________. Менің отбасымның құрамы: № Жеке сәйкестендіру номері Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні Туыстық қатынасы Әлеуметтік мәртебесі 1 2 3 Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті цифрлық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін. Цифрлық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20__жылғы "___" __________ ___________________ азаматтың (-шаның) қолы Тұрғын үй көмегін көрсетуқағидаларына 2-қосымша Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.03.2026 № 130 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын Жоқ 3 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; 2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz. 4 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күн 5 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде 6 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 7 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 8 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі 1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа Қазақстан Республикасының; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. 9 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) Мемлекеттік корпорацияға: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда); жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда); балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шоты; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот; 2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталға: мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі; жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі; банктік шотының электрондық көшірмесі; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі; коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі. 10 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. 11 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады. Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына3-қосымша Нысан (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)(бұдан әрі – Т.А.Ә.)____________________________(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) Қағидалардың көзделген қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбауыңызға байланысты, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы: ________________________________________; ________________________________________; ________________________________________. Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің) (қолы) Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________ Телефон ______________________________________________ Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы 20___ жылғы "___" ____________ Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына4-қосымша Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі Облысы, республикалық маңызы бар қала, астана Ауданы, қаласы 1 2 1. Дала аймағы Солтүстiк Қазақстан 1. Айыртау 2. Ақжар 3. Мағжан Жұмабаев 4. Есiл 5. Жамбыл 6. Қызылжар 7. Мамлют 8. Шал ақын 9. Аққайың 10. Тайынша 11. Тимирязев 12. Уәлиханов 13. Ғабит Мүсiрепов 14. Петропавл қаласы Ақмола 1. Біржан сал 2. Зерендi 3. Сандықтау 4. Бұланды 5. Ақкөл 6. Ерейментау 7. Жақсы 8. Көкшетау қаласы 9. Степногор қаласы 10. Бурабай Қостанай 1. Қарабалық 2. Федоров 3. Меңдiқара 4. Ұзынкөл 5. Денисов 6. Әулиекөл 7. Қарасу 8. Алтынсарин 9. Сарыкөл 10. Қостанай 11. Бейімбет Майлин 12. Қостанай қаласы 13. Рудный қаласы Павлодар 1. Ертiс 2. Железин 3. Тереңкөл 2. Қуаң дала аймағы Батыс Қазақстан 1. Ақжайық 2. Тасқала 3. Бәйтерек 4. Теректi 5. Бөрілі 6. Шыңғырлау 7. Орал қаласы Ақтөбе 1. Қобда 2. Мәртөк 3. Әйтеке би 4. Қарғалы 5. Алға 6. Ақтөбе қаласы Қостанай 1. Қамысты 2. Наурызым 3. Жiтiқара 4. Лисаковск қаласы Ақмола 1. Есiл 2. Атбасар 3. Қорғалжын 4. Шортанды 5. Целиноград 6. Астрахан 7. Аршалы 8. Егiндiкөл 9. Жарқайың Астана қаласы 1. Астана қаласы Қарағанды 1. Нұра 2. Қарқаралы 3. Осакаров 4. Абай 5. Бұқар жырау 6. Қарағанды қаласы 7. Сарань қаласы 8. Шахтинск қаласы 9. Темiртау қаласы Павлодар 1. Ақтоғай 2. Баянауыл 3. Аққулы 4. Май 5. Павлодар 6. Успен 7. Шарбақты 8. Павлодар қаласы 9. Ақсу қаласы 10. Екiбастұз қаласы Абай 1 Бесқарағай 2. Бородулиха 3. Көкпекті Шығыс Қазақстан 1. Алтай 2. Самар 3. Шөлейттi аймақ Алматы 1.Қонаев қаласы Батыс Қазақстан 1. Бөкөйордасы 2. Жаңақала 3. Жәнiбек 4. Қазталов 5. Қаратөбе 6. Сырым Қостанай 1. Амангелдi 2. Жангелдi 3. Арқалық қаласы Ақтөбе 1. Ойыл 2. Темiр 3. Ырғыз 4. Хромтау 5. Мұғалжар Қарағанды 1. Шет 2. Ақтоғай 3. Балқаш қаласы 4. Приозерск қаласы Ұлытау 1. Жаңаарқа 2. Ұлытау 3. Жезқазған қаласы 4. Қаражал қаласы 5. Сәтбаев қаласы Абай 1. Абай 2. Аягөз 3. Жарма 4. Семей қаласы 5. Курчатов қаласы 4. Шөлдi аймақ Атырау 1. Жылыой 2. Индер 3. Исатай 4. Құрманғазы 5. Қызылқоға 6. Мақат 7. Махамбет 8. Атырау қаласы Қызылорда 1. Арал 2. Жалағаш 3. Жаңақорған 4. Қазалы 5. Қармақшы 6. Сырдария 7. Шиелi 8. Қызылорда қаласы Ақтөбе 1. Байғанин 2. Шалқар Маңғыстау 1. Бейнеу 2. Қарақия 3. Маңғыстау 4. Түпқараған 5. Мұнайлы 6. Ақтау қаласы 7. Жаңаөзен қаласы Түркістан облысы 1. Созақ 2. Отырар Жамбыл 1. Сарысу 2. Талас 3. Тұрар Рысқұлов Алматы 1. Балқаш 5. Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ Алматы 1. Еңбекшіқазақ 2. Жамбыл 3. Қарасай 4. Райымбек 5. Талғар 6. Ұйғыр 7. Iле 8. Кеген Жетісу 1. Ақсу 2. Алакөл 3. Кербұлақ 4. Көксу 5. Қаратал 6. Панфилов 7. Сарқанд 8. Ескелдi 9. Талдықорған қаласы 10. Текелi қаласы Алматы қаласы 1. Алматы қаласы Жамбыл 1. Байзақ 2. Жамбыл 3. Жуалы 4. Қордай 5. Мерке 6. Мойынқұм 7. Шу 8. Тараз қаласы Түркістан облысы 1. Арыс 2. Бәйдібек 3. Қазығұрт 4. Мақтаарал 5. Ордабасы 6. Сайрам 7. Сарыағаш 8. Төлеби 9. Түлкібас 10. Шардара 11. Кентау қаласы 12. Түркістан қаласы 13. Жетісай 14. Келес 15. Сауран Шығыс Қазақстан 1. Зайсан Абай 1. Үржар Шымкент қаласы 1. Шымкент қаласы 6. Оңтүстік Сiбiр таулы және тау eтeгі аймағы Шығыс Қазақстан 1. Глубокое 2. Катонқарағай 3. Шемонаиха 4. Тарбағатай 5. Күршім 6. Ұлан 7. Өскемен қаласы 8. Риддер қаласы Абай 1. Ақсуат Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына5-қосымша Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка Ескерту. 5-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өсімдік шаруашылығының өнімі Өнім Жердің 1 соткасының орташа түсімі, килограмм Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің орташа бағасы, теңге 1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған) 1 2 3 4 5 6 Картоп 80 1796 Көкөністер 100 6422 Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) 35 802 Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) 25 762 Жидек дақылдары 33 2832 Мал шаруашылығының өнімі Өнім 1 бастан алынатын орташа өнімділік, килограмм (литр) 1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге 1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-баған - 3 баған) 1 2 3 4 5 6 Сүт бағытындағы ірі қара мал (сүт) 2200 43960 Eт бағытындағы ірі қара мал (сиыр еті) 165 36749 Шошқалар (шошқа еті) 71 18429 Қойлар, ешкілер ет/жүн 20/2,5 5300 Жылқы (жылқы еті) 124 21125 Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) 137 дана 1233 Етті құс (құс еті) 1,8 351 Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына6-қосымша Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка Ескерту. 6-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өсімдік шаруашылығының өнімі Өнім Жердің 1 соткасынан орташа шығымдылық, килограмм Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің орташа бағасы, теңге 1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған) 1 2 3 4 5 6 Картоп 70 1777 Көкөністер 80 6264 Бақшалар 100 2600 Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) 35 741 Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) 22 681 Жидек дақылдары 30 2815 Жүзім 25 1348 Мал шаруашылығының өнімі Өнім 1 бастан алынатын орташа өнімділік, килограмм (литр) 1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге 1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-баған.- 3 баған) 1 2 3 4 5 6 Сүт бағытындағы ірі қара мал (сүт) 1900 40721 Eт бағытындағы ірі қара мал (сиыр еті) 159 34130 Шошқалар (шошқа еті) 66 16896 Қойлар, ешкілер ет/жүн 19/2,5 5130 Жылқы (жылқы еті) 124 22753 Түйе (ет) 126 14805 Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) 152 дана 1500 Ет бағытындағықұс (құс еті) 1,9 373,2 Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына7-қосымша Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка Ескерту. 7-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өсімдік шаруашылығының өнімі Өнім Жердің 1 соткасынан орташа шығымдылық, килограмм Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің орташа бағасы, теңге 1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған) 1 2 3 4 5 6 Картоп 74 1974 Көкөністер 80 7241 Бақшалар 86 2920 Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) 22 884 Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) 20 778 Жидек дақылдары 15 2820 Жүзім 20 963 Мал шаруашылығының өнімі Өнім 1 бастан алынатын орташа өнімділік, килограмм (литр) 1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге 1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-баған.- 3 баған) 1 2 3 4 5 6 Сүт бағытындағы ірі қара мал (сүт) 1100 27300 Eт бағытындағы ірі қара мал (сиыр еті) 162 37854 Шошқалар (шошқа еті) 68 17649 Қойлар, ешкілер ет/жүн 20 5493 Жылқы (жылқы еті) 162 19975 Түйе (ет) 228 14109 Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) 156 дана 1540 Ет бағытындағы құс (құс еті) 1,5 304,2 Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына8-қосымша Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка Ескерту. 8-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өсімдік шаруашылығының өнімі Өнім Жердің 1 соткасынан орташа шығымдылық, килограмм Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің орташа бағасы, теңге 1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған) 1 2 3 4 5 6 Картоп 90 2079 Көкөністер 100 7410 Бақшалар 110 2980 Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) 20 714 Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) 28 700 Жидек дақылдары 15 2818 Жүзім 20 1027 Мал шаруашылығының өнімі Өнім 1 бастан алынатын орташа өнімділік, килограмм (литр) 1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге 1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-баған.- 3 баған) 1 2 3 4 5 6 Сүт бағытындағы ірі қара мал (сүт) 880 22645 Eт бағытындағы ірі қара мал (сиыр еті) 138 34439 Шошқалар (шошқа еті) 60 15432 Қойлар, ешкілер ет/жүн 19 5103 Жылқы (жылқы еті) 140 19651 Түйе (ет) 218 13684 Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) 125 дана 986 Ет бағытындағы құс (құс еті) 1,3 253,2 Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына9-қосымша Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка Ескерту. 9-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өсімдік шаруашылығының өнімі Өнім Жердің 1 соткасынан орташа шығымдылық, килограмм Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің орташа бағасы, теңге 1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған) 1 2 3 4 5 6 Картоп 108 2294 Көкөністер 125 6585 Бақшалар 120 2655 Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) 40 905 Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) 35 735 Жидек дақылдары 40 2797 Жүзім 43 1342 Мал шаруашылығының өнімі Өнім 1 бастан алынатын орташа өнімділік, килограмм (литр) 1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге 1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-баған.- 3 баған) 1 2 3 4 5 6 Сүт бағытындағы ірі қара мал (сүт) 2500 39815 Eт бағытындағы ірі қара мал (сиыр еті) 178 41855 Шошқалар (шошқа еті) 66 16736 Қойлар, ешкілер ет/жүн 19 5255 Жылқы (жылқы еті) 180 24339 Түйе (ет) 126 13650 Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) 169 дана 1675 Ет бағытындағы құс (құс еті) 1,3 253,2 Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына10-қосымша Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірісті есептеу нормалары бойынша карточка Ескерту. 10-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өсімдік шаруашылығының өнімі Өнім Жердің 1 соткасынан орташа шығымдылық, килограмм Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің орташа бағасы, теңге 1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaған - 3-баған) 1 2 3 4 5 6 Картоп 90 2358 Көкөністер 90 6648 Бақшалар 130 2684 Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) 30 952 Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) 15 762 Жидек дақылдары 63 2822 Жүзім 55 1412 Мал шаруашылығының өнімі Өнім 1 бастан алынатын орташа өнімділік, килограмм (литр) 1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге 1 килограмм өнімнің, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге 1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-баған х 4-баған) 1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-баған.- 3 баған) 1 2 3 4 5 6 Сүт бағытындағы ірі қара мал (сүт) 1900 46248 Eт бағытындағы ірі қара мал (сиыр еті) 171 40463 Шошқалар (шошқа еті) 69 17782 Қойлар, ешкілер ет/жүн 20 5274 Жылқы (жылқы еті) 173 24209 Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) 172 дана 1697 Ет бағытындағы құс (құс еті) 1,3 246,2 Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына11-қосымша Өнім беруге пайдаланылану үшін үй малдары мен құстардың жасы Түрi Өлшем бірлігі Өнiм беру жағдайына жеткен, жас мал мен құстардың жасы Iрi қара мал ай 25 Қойлар мен ешкiлер ай 12 Шошқалар ай 10 Жылқылар ай 16 Түйелер ай 18 Жұмыртқалайтын құс күн 195 Ет бағытындағы құс күн 125 Тұрғын үй көмегінкөрсету қағидаларына12-қосымша Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн кірісті есептеу нормалары бойынша жеке карточка Ескерту. 12-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 03.07.2026 № 345 (алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ Облыс, аудан _____________________________________________________________ Үйiнiң мекенжайы ________________________________________________________ Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi жер, сотка, мал басы, саны жылына түсетiн кіріс нормативi, теңге жылына түсетiн кірістің барлығы, теңге бiр тоқсанда түсетiн кірістің барлығы, теңге 1 2 3 4 5 Бидай Арпа Дәнi алынатын жүгерi Күрiш Қарамық Картоп Көкөністер Бақшалар Күнбағыс Қант қызылшасы Темекi Шекiлдеуiк бақтары Сүйектi жемiс бақтары Жемiстер Жүзiм Көп жылдық шөп Бiр жылдық шөп Жасыл жемге берiлетiн жүгерi Сүттi iрi қара мал Еттi iрi қара мал Шошқалар Қойлар мен ешкілер Жылқылар Түйелер Жұмыртқалайтын құс Ет бағытындағы құс Жиыны: бiр жылғы кіріс х х Жиыны: бiр тоқсандағы кіріс х х х х 20__ж. "__"_________ ________________________________________________________________ (2-ші бағаны үшін өтiнiш берушiнiң қолы) ________________________________________________________________ (есептеуді жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы) Қазақстан РеспубликасыӨнеркәсіп жәнеқұрылыс министрінің2023 жылғы 8 желтоқсандағы№ 117 Бұйрыққа2-қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген). "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21500 болып тіркелген). "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 709 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22058 болып тіркелген). "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30866 болып тіркелген). © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 мамырда № 8757-03 болып тіркелді. Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 19.03.2026 № С-32/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 19.03.2026 № С-32/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.Акимов Көкшетау қаласы мәслихатының2024 жылғы 28 мамырдағы№ С-12/8 шешіміне1-қосымша Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 19.03.2026 № С-32/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 1-тарау. Жалпы ережелер Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Көкшетау қаласында аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығында тұрғын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 5 (бес) пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалған тәртіпте есептейді. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларының 4-1 тармағына сәйкес есептейді. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, Қағидаларға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тоқсанына бір рет ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі және коммуналдық қызметтерінің шығыстары алдындағы тоқсан үшін есепке алынады. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегi тағайындау қала бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші келесі тәртіппен жүзеге асырады: коммуналдық қызметтерді тұтынуға өтемақы коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жүргізіледі; телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға үшін өтемақы, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға өтемақы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге өтемақы көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады. Көкшетау қаласы мәслихатының2024 жылғы 28 мамырдағы№ С-12/8 шешіміне2-қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7801 болып тіркелген). "Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 16 мамырдағы № С-17/14 шешімінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28183 болып тіркелген). "Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № С-2/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8543-03 болып тіркелген). "Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8664-03 болып тіркелген). © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033763/history

    Жарияланды:
    Мемлекеттік қызметтер

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда № 36186 болып тіркелді. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-33) тармақшасына және 10-8- бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан РеспубликасыныңӨнеркәсіп жәнеқұрылыс министрінің2025 жылғы 30 мамырдағы№ 187 Бұйрыққа 1-қосымша Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру, тұрғын үй сертификаттарын беру және пайдалану тәртібін белгілейді. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) цифрлық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – цифрлық жүйеге қол жеткізуді ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс; 2) алдын ала тұрғын үй заемы – шарттық соманы алғанға дейiн негiзгi борышты өтеу талабынсыз, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегiнде салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебiнен өтеледi; 3) аралық тұрғын үй заемы – жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерiн жинақтау талабымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебiнен өтеледi; 4) бірыңғай республикалық электрондық база – Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор; 5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс. 6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар) – асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар тұлғалар; 7) заем бойынша сыйақы ставкасы (бұдан әрі - ставка) – тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне тиесілі ақшаның жылдық мөлшерін есептеуден негізгі борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкі берген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы туралы шарттар бойынша салымшы төлейтін проценттік ставка; 8) ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғынжай салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық банктік қарыз; 9) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер; 10) көпбалалы отбасы – көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы; 11) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері; 12) қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, тұрғын үйге мұқтаж адамдар ретінде "Орталық тұрғын үйге қолжетімділік" электронды базасына тіркелгендер; 13) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғынжай, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғынжай). Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және соған пайдаланылатын, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан объект түсініледі; 14) "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы – Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор; 15) тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде және осы Заңға сәйкес тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны; 16) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 17) Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі (бұдан – әрі Отбасы банк) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға; 18) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект; 19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тәртібі 1-параграф. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру тәртібі Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базада бірыңғай республикалық электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, табыс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты автоматты түрде Отбасы банкінің цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Бөлiнетiн жыл шеңберiнде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдың жалпы көлемiнiң кемiнде жетпiс пайызы: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне; 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға; 5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға; 6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар); 7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға; 8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғынжайға мұқтаждар есебінде болмаған жағдайда, не олар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжаймен немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжаймен толық қамтамасыз етілген жағдайда, осы тармақта бекітілген олардың үлесі тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қою күні мен табыс деңгейіне байланысты, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшасында көзделген адамдар арасында қайта бөлінеді. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдың жалпы көлемінен қалған тұрғынжай үлесі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға жатпайтын тұрғынжайға мұқтаж адамдарға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарға, қандастарға: 1) бірыңғай республикалық электрондық базада немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні бойынша; 2) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында үш адамнан артық болған кезде отбасының соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы; 3) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында екі адамнан артық болмаған кезде екі адамнан тұратын отбасы құрамы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,5 (үш жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы; 4) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы мүшелері болмаған кезде азаматтың соңғы 6 (алты) айдағы табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5,5 (бес жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы; Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған: еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытпен төленетін, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан); кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берілген кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Заңның 75 бабының нормаларына сәйкес келетін тұрғынжай болмаған жағдайда немесе тұрғынжайға мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан ұсынылған тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден бас тартқан жағдайда, бұл тұрғын үй осы Қағиданың 6 және 8 тармақтарына сәйкес мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға бөлінеді. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бөлуді Отбасы банкі осы қағидалардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет есебінен салынған және (немесе) сатып алынған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған нысаналы мақсатына сәйкес үйлестіріледі. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар ЭЦҚ арқылы Отбасы банкінің интернет-ресурсындағы жеке кабинетінен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды алуға келісу туралы өтінішке қол қояды. Бес жұмыс күні ішінде келісім болмаған жағдайда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай осы Қағидалардың талаптарына сәйкес бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға бөлінеді. Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайдан бас тартылған жағдайда, мұқтаждардың есебінде ЭЦҚ арқылы тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Отбасы банкінің интернет-ресурсындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бес жұмыс күн ішінде бас тарту туралы өтінішке қол қояды. Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 12-1. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын жайды алуға келісім беру туралы өтінішке қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде www.orken.otbasybank.kz мекенжайы бойынша "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының (бұдан әрі - Электрондық база) жеке кабинетінде тұрғын үй беру туралы шешім негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органмен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын жайды жалдау шартын (бұдан әрі - Жалдау шарты) жасасады. Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 12-2. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Жалдау шартына қол қойғаннан кейін отбасының кәмелетке толған мүшелері (бар болса) Жалдау шартына Электрондық базада электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды. Осы Қағидалардың 12-1, 12-2-тармақтарында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай тұрғынжайға мұқтаждардың бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған келесі Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға бөлінеді. Ескерту. 2-тарау 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. 12-3. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелері (бар болса) Жалдау шартына қол қойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жалдау шартында қамтылған толтырылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және ЭЦҚ арқылы оған қол қояды не оған қол қоюдан бас тартады. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға Жалдау шартында дәйексіз деректер толтырылған жағдайда бас тартады. Ескерту. 2-тарау 12-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 12-4. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Жалдау шартына өзгеріс енгізу үшін Электрондық базаның жеке кабинетінде Жалдау шартына өзгеріс енгізу негізін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалдау шартын өзгертуге өтініш береді. Ескерту. 2-тарау 12-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 12-5. Қазақстан Республикасы азаматтарының, кандастарының кәмелетке толған отбасы мүшелері (бар болса) ЭЦҚ арқылы Электрондық базада Заңның 92-бабына сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жалдау шартын өзгертуге өтінішті келіседі. Ескерту. 2-тарау 12-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 12-6. Жергілікті атқарушы орган Жалдау шартын өзгертуге өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жалдау шартына өзгеріс енгізу мақсатын растайтын ұсынылған құжаттарды қарайды. Жалдау шартын өзгертуге өтінішті және Жалдау шартына өзгеріс енгізу негізін растайтын құжаттарды қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) Қазақстан Республикасы азаматының, қандастың жеке кабинетіне Жалдау шартына қол қойылған қосымша келісімді жолдайды; 2) дәлелді бас тарту шығарады. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар дұрыс емес деректерді толтырған не Жалдау шартына өзгеріс енгізу негізін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, Жалдау шартына қосымша келісім жасасудан бас тартады. Ескерту. 2-тарау 12-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-параграф. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру тәртібі Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру қатысушыларға кіріс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы іске асырылады. Бөлiнетiн жыл шеңберiнде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдың жалпы көлемiнiң кемiнде жетпiс пайызы: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне; 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға; 5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға; 6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар); 7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға; 8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғынжайға мұқтаждар есебінде болмаған жағдайда, не олар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжаймен немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжаймен толық қамтамасыз етілген жағдайда, осы тармақта бекітілген олардың үлесі тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қою күні мен табыс деңгейіне байланысты, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшасында көзделген адамдар арасында қайта бөлінеді. Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары беру бойынша тұрғынжайлардың жалпы көлемінен қалған тұрғынжай үлесі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғаларға жатпайтын тұрғынжайға мұқтаж адамдарға беріледі. Тұрғынжайды бөлу және тұрғынжай беру жөнінде шешім қабылдау процесі осы Қағидалардың 13, 14 жән 15-тармақтарының талаптарын ескере отырып, автоматты түрде Отбасы банкінің автоматтандырылған цифрлық жүйесімен жүзеге асырылады. Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" бірыңғай республикалық электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың есебінде тұрған жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ұсынылатын тұрғынжайдан 2% (екі пайыз) және 5% (бес пайыз) ставкалары бойынша бос тұрғын үй болған кезде 5% (бес пайыз) және 7% (жеті пайыз) ставкалары бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша тұрғын үйдің пайдасына бас тартуға рұқсат етіледі. 1-бөлім. 2% (екі пайыз) ставкасы бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен соңғы 6 (алты) айда отбасылық жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне 5 (бес) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, Заңның 74-бабы 1-тармағының 3-бөлігінде айқындалған бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар жылдық 2% (екі пайыз) ставкасы бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары болып табылады. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған мынадай табыс ескеріледі: еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда); кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс. Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызын берген кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды. Тұрғынжай бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою күнінің бірінші кезектілік қағидаты бойынша бөлінеді Тұрғын үйге мұқтаждарды бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні сәйкес келген кезде іріктеу жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге өтініш беру күні мен уақыты бойынша Отбасы банкінің автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Жылдық 2% (екі пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттары: 1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін; 2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы). Бастапқы жарна немесе оның бір бөлігі осы Қағидалардың 3-параграфының талаптарына сәйкес тұрғын үй сертификатымен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес экономикалық ұтқырлық сертификатына сәйкес тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген). Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-бөлім. 5% (бес пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы Жылдық 5% (бес пайыз) мөлшерлеме бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген табыс деңгейіне қойылатын талаптардан асатын соңғы 6 (алты) айдағы еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық отбасылық табысы бар бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар болып табылады. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған: еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен); кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс. Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызын берген кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды. Тұрғын үй бiрыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою күнiнiң бiрiншi кезектiлiгi қағидаты бойынша бөлiнедi. Тұрғын үйге мұқтаждарды бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні сәйкес келген кезде іріктеу банктің Отбасы автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы өтініш беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады. Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Жылдық 5% (бес пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттары: 1) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін; 2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы). Бастапқы жарна немесе оның бір бөлігі осы Қағидалардың 3-параграфының талаптарына сәйкес тұрғын үй сертификатымен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес экономикалық ұтқырлық сертификатына сәйкес тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген). Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-бөлім. 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызы Заңның 68-бабында айқындалған бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған, отбасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен жиынтық табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары жылдық 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары болып табылады. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған: еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен); кәсіпкерлік қызметтен. Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызын берген кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды. Тұрғын үй бiрыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою күнiнiң бiрiншi кезектiлiгi қағидаты бойынша бөлiнедi. Тұрғын үйге мұқтаждарды бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні сәйкес келген кезде іріктеу банктің Отбасы автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы өтініш беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады. Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызына қатысушылар 7% (жеті пайыз) ставкасы бойынша бастапқы нарықтағы, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту шеңберінде пайдалануға берілген және 2 (екі) жылдан кешіктірмей пайдалануға берілген жеке кәсіпкерлер салған тұрғын үйді дербес таңдайды. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде қайталама тұрғын үй сатып алуға жол беріледі, бірақ қаржы жылында бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30% -ынан (отыз пайызынан) аспайды. Жылдық 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттары: 1) кредит беру мерзімі - 19 (он тоғыз) жылға дейін; 2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы). Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Бастапқы жарна немесе оның бір бөлігі осы Қағидалардың 3-параграфының талаптарына сәйкес тұрғын үй сертификатымен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес экономикалық ұтқырлық сертификатына сәйкес тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген). Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 4-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе осы Заңға сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй сертификаттарын береді. Заңның 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды (бұдан әрі - Тізбе). Мемлекеттік қызметті жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетеді. Тұрғын үй сертификаттары көрсетілетін қызметті алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғынжай сатып алған немесе Заңға сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде Тізбеге сәйкес өтеусіз және қайтарымсыз негізде ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді. Тұрғын үй сертификаты: 1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) табысы болмаған жағдайда; 2) көрсетілетін қызметті алушыда және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын ұсыну кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті қаржы жылына тұрғын үй сертификаттарын берудің жоспарланған сомасын көздейді. Көрсетілетін қызметті беруші веб-порталында: 1) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі туралы жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімін; 2) тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді. Тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, веб-порталда тұрғын үй сертификаттарын беру тоқтатылғаны туралы хабарландыру жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі) осы Қағиданың 4-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес олар бекітілген немесе өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі. Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Веб-портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері: 1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен және цифрлық жүйеде тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің Тізбеге сәйкестігін тексереді; 2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушінің веб-порталдағы "Жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешімі бар, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша түрін, сомасын немесе дәлелді бас тартуды көрсете отырып хабарлама жібереді. Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту 1 (бір) күн ішінде жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші оң хабарламамен бірге өтініш берушінің веб-порталдағы "жеке кабинетіне" тұрғын үй сертификатын беру туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) электрондық құжат түрінде жібереді, оған тараптар ЭЦҚ-мен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды. Өтінім беруші белгіленген мерзімде Келісімге қол қоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Келісім жасасудан бас тартады. Тұрғын үй сертификатын ұсынған жағдайда Көрсетілетін қызметті беруші келісім жасалған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тұрғын үй сертификатының сомасын көрсетілетін қызметті алушының эскроу-шотына/жинақ шотына аудару үшін веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін төлем шотын қалыптастырады. Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - ЕДБ) тұрғын үй сертификатының сомасы көрсетілетін қызметті алушының эскроу-шотына/жинақ шотына түскен жағдайда онымен ішкі тәртіпке сәйкес банктік қарыз шартын, ипотекалық шартты (кепіл шартын) жасасады. Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй сертификатын пайдалана отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдегеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші веб-портал арқылы банктік қарыз шартының және ипотекалық шарттың (кепіл шартының) көшірмелерін береді. Тұрғын үй сертификатының сомасы эскроу-шотқа/жинақ шотына аударылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызы ресімделмеген жағдайда, қарыз беру туралы шешім қабылдаған ЕДБ соманы жергілікті бюджетке қайтаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу немесе Заңға сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін берілген тұрғын үй сертификаты, қала маңы аймақтарында тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады Астана және Алматы қалаларының қала маңы аймақтарында тұрғынжай сатып алу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады. 1-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданатын лауазымды тұлға, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2026 № 79 (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады. Тұрғын үй жағдайларынжақсартуға бағытталғанмемлекеттік қолдаушараларын іске асыруқағидаларына1- қосымшаНысан ___________ азаматтан(тегі, аты, әкесінің аты)(бар болған жағдайда),жеке сәйкестендірунөмірі __________________ Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайдынемесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайдыалуға келісу туралы өтініш Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мен _________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) коммуналдық тұрғын үй қорынан ___ бөлмелерден тұратын тұрғынжай алуға келісім беремін _______________________________________________________ (берілетін тұрғын үйдің мекенжайы көрсетіледі) ___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр. Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. "__" __________ 20 __ жыл. ЭЦҚ Тұрғын үй жағдайларынжақсартуға бағытталғанмемлекеттік қолдаушараларын іске асыруқағидаларына2- қосымша Нысан___________ азаматтан(тегі, аты, әкесінің аты)(бар болған жағдайда),жеке сәйкестендірунөмірі __________________ Бас тарту туралы өтініш Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мен ________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін ___ бөлмеден тұратын тұрғынжайдан бас тартамын ________________________________________________________________ (берілетін тұрғынжайдың мекенжайы көрсетіледі) ___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр, себебі _________________________________________________________________________ (берілетін тұрғын үйден бас тарту себебі көрсетіледі) Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. "__" __________ 20 __ жыл. ЭЦҚ Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдаушараларын іске асыруқағидаларына3- қосымша Тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шарты Облыс, "______________" ___ қаласы __________ 20 ___ жыл № ________ шарт Жалға беруші ______________________________________________________ (тұрғын үй беретін органның атауы) ___________________ негізінде әрекет ететін __________________________________ атынан (құрылтай құжаттары) Жалға алушы азамат (ша) атынан _____________________________________________ (жалдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігі/паспорты) ________________________________________________________________, (нөмірі, кім және қашан берді) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты: 1-тарау. Шарттың мәні Жалға беруші Жалдаушыға және оның отбасы мүшелеріне: № Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туыстық дәрежесі Мынадай мекенжайда орналасқан:_______________________________________ _______ бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы, _______ шаршы метр, оның iшiнде тұрғын алаңы ________ шаршы метр, тұрғын емес алаңы ________ шаршы метр тұрғынжайды жалға (қосымша жалға) береді, оның сипаттамасы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тұрғынжайды қабылдау-беру актісінде көрсетілген. 2-тарау. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі Тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем айына ____ теңгені құрайды. Төлем мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7163) болып тіркелген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем шоттарын Жалға беруші Жалға алушыға береді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді жалдаушы тиісінше республикалық немесе жергілікті бюджетке аударады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуді Жалға алушы кондоминиум объектісін басқару органының не тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иесінің шоттары бойынша жүргізеді. Жеке шарт бойынша Жалға алушыға көрсетілетін коммуналдық және өзге де қызметтер үшін төлемді тікелей қызмет көрсетуші жүзеге асырады. Шарт бойынша бүкіл есеп айырысулар мынадай тәртіппен жүргізіледі 1) Жалға алушы (қосымша жалға алушы) осы Шартты жасасқан сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды; 2) одан кейінгі төлемді Жалға алушы есептесу кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Шарт бойынша бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда Жалға беруші соттың шығындардың орнын толтыра отырып, Жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылы. Жалға алушы тұрғын үйді, инженерлік желілерді және ортақ пайдаланылатын орындарды тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) элементтерінің техникалық сипаттамасының нашарлауына, ақауына, бүлінуіне, қирауына алып келетіндей күтіп ұстамаған кезде Жалға беруші Жалға алушы өтеуге тиіс келтірілген зиян мөлшерін көрсете отырып, акт жасайды. Келтірілген зиянның көрсетілген мөлшерінің құнына Жалға алушы келісім берген кезде Тараптар актіге қол қояды. Жалға алушы өтеуге жататын келтірілген зиянның құнымен келіспеген жағдайда өндіріп алу сот тәртібінде жүргізіледі. 3-тарау. Тараптардың құқықтары Жалға беруші: 1) Жалға алушының немесе Жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесінің келісімі бойынша және қатысуымен берілген тұрғынжайдың тұрғын және қосымша үй-жайларының техникалық қондырғылары конструкцияларының жай-күйіне тексеру жүргізуге; 2) осы Шартты "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 103-бабының негізінде бұзуға; 3) Жалға алушыны және онымен бірге тұратын адамдарды Заңның 107, 108-баптарында көзделген негіздер бойынша басқа тұрғын үй берместен одан шығаруға; 4) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін уақытында және толық аударым жасауға бақылауды жүзеге асыруға; 5) тұрғын үйді мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Жалға алушы: 1) өзі және (немесе) өзінің отбасы мүшелері алты айдан артық мерзімде болмаған кезде Жалға берушіні бұл туралы жазбаша хабардар еткен және осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда тұрғын үйді пайдалану құқығын өзіне қалдыруға; 2) Жалға алушы уақытша болмайтын тұрғын үйде тұрып жатқан Жалға алушының отбасы мүшелері бұрынғы талаптар бойынша тұрғын үйді пайдалануға құқылы. Бұл ретте олар осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырады және міндетті болады; 3) қажет болған жағдайда, Жалға берушіден тексеру актісін жасай отырып, берілген тұрғын үйдің, оның ішінде конструкциялар мен техникалық құрылғылардың жай-күйіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді талап етуге; 4) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін аванспен төлемдер жасауға құқылы. 4-тарау. Тараптардың міндеттері Жалға беруші: 1) осы Шартқа Тараптар қол қойғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Жалға алушыға қабылдау-беру актісі бойынша белгіленген техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жай-күйдегі тұрғынжай беруге; 2) тұрғынжайға күрделі жөндеу жүргізуге; 3) Жалға алушы (оның талабы бойынша) тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған тарифтермен және есептемелермен таныстыруға; 4) егер тұрғынжай не тұрғын үй (тұрғын ғимарат) Тараптарға байланысы жоқ мән-жайлардың әсерінен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз жай-күйге, авариялық жай-күйге түссе немесе бұзылуға тиіс болса, Жалға беруші үш ай мерзім ішінде Жалға алушымен өзге тұрғын үй-жайды жалдау шартын жасасуға не Жалға алушының қалауы бойынша осы Шартты бұзуға; 5) авариялар болған және форс-мажорлық ахуал туындаған жағдайда, оларды жою үшін дереу барлық қажетті шараларды қабылдауға; 6) Жалға алушыға осы Шартта белгіленген тәртіпте тұрғынжайға иелік етуге және пайдалануға кедергі келтірмеуге; 7) осы Шарттың талаптары немесе тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем мөлшері өзгерген жағдайда тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кезекті төлем енгізуге отыз күнтізбелік күн қалғанда Жалға алушыға осы жағдайды хабарлауға; 8) тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кезекті төлем енгізгенге кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей мерзімі өтіп кеткен төлемдер үшін өсімпұл және айыппұл есептелгені туралы Жалға алушыға хабарлауға міндетті. Жалға алушы: 1) тұрғынжайды мақсатына сай пайдалануға; 2) тұрғынжайды техникалық жарамды және тиісті санитариялық- эпидемиологиялық жағдайда күтіп-ұстауға; 3) тұрғынжайды, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдаланудың қағидаларын, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау қағидаларын, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауға; 4) жалға (қосымша жалға) берілген тұрғынжайдың суды, электр энергиясын, жылу энергиясын есептеу аспаптарының, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің, басқа элементтерінің анықталған ақаулары туралы Жалға берушіге уақтылы хабарлауға; 5) тұрғынжайды қайта жаңартуды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды жүргізбеуге; 6) тұрып жатқан тұрғынжайды (пәтерді, бөлмені) басқа жалға алушылармен ауыстыруды жүргізбеуге; 7) осы Шарттың талаптарына сәйкес белгіленген мөлшерде тұрғынжайды пайдаланғаны және коммуналдық қызметтер үшін уақытында төлем енгізуге; 8) күндізгі уақытта, ал төтенше жағдайлар кезінде түнгі уақытта да тұрғынжайдың элементтерін қарауды және жөндеуді жүргізу үшін Жалға берушінің жұмысшылары мен тұрғынжайға қызмет көрсететін және жөндейтін кәсіпорынның өкілдерін кіргізуге; 9) Жалға берушіге Жалға алушының немесе онымен бірге тұрып жатқан адамдардың кінәсінен болған тұрғын жайдың, жалпы пайдаланылатын орындардың, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) мен оның жабдықтарының бүлінуіне байланысты залалдарды өтеуге; 10) осы Шарт бойынша өз құқықтарын кепілге бермеуге; 11) осы Шартты бұзған немесе оның мерзімі өтіп кеткен кезде он күнтізбелік күн ішінде Тараптар қол қойған тұрғынжайды беру актісі бойынша Жалға берушіге тұрғынжайды қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. 5-тарау. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, зардаптары және тәртібі Осы Шарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша кемінде бір ай бұрын басқа Тарапқа жазбаша ескерте отырып, кез келген уақытта бұзылуы, тоқтатылуы мүмкін. Осы Шарт мынадай: 1) Шарт мерзімінің аяқталған; 2) Заңның 107-бабына сәйкес осы Шарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған; 3) Жалға алушы және оның отбасы мүшелері басқа жерге тұрғылықты мекенге кеткен жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады. Осы Шарт тоқтатылған жағдайда, Заңның 103-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жалға алушы және оның отбасының мүшелері басқа тұрғынжай берілместен, шығарылуға тиіс. Заңның 105-бабындағы негіздер бойынша осы Шарттың қолданысы тоқтатылған жағдайда Жалға алушы және оның отбасының мүшелері басқа тұрғынжай беріліп, шығарылуы мүмкін. Жалға алушының жеке қаражатына жүргізілген жөндеу және үйдің конструкцияларына зиян келтірмей бөліп алынбайтын тұрғынжайды жақсарту Жалға берушіге тұрғын үймен бірге тапсырылады және Жалға берушінің тарапынан өтеуге жатпайды. Осы Шартты тоқтату, бұзу кезінде екі Тарап өкілдерінің қатысуымен тұрғынжайды Жалға алушыдан Жалға берушіге тапсыру актісі жасалады. 5-тарау. Тұрғынжайды қабылдау-беру мерзімі және тәртібі Жалға беруші осы Шартқа қол қойғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде Жалға алушыға тұрғынжайды қабылдау-беру актісі бойынша тапсырады. Жалға алушы тұрғын үйді осы Шартты тоқтату, бұзу мерзімдері аяқталған кезден бастап он күнтізбелік күн ішінде Жалға берушіге Тараптар қол қойған тұрғынжайды тапсыру актісі бойынша тапсырады. Тұрғынжайды қабылдау-беру актісі және тұрғынжайды тапсыру актісі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, онда тұрғынжайдың тиісті актіге қол қойған кездегі санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық жай-күйі мен басқа сипаттамалары тіркеледі. Дауларды қарау тәртібі Осы Шарттан немесе оған байланысты туындауы мүмкін Тараптардың арасындағы даулар келіссөздер арқылы, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда сот тәртібінде шешіледі. Қорытынды ережелер Осы Шарт бірдей заңдық күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады. Осы Шарттың бір данасы мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, ал үшіншісі Жалға алушыға беріледі және мемлекеттік тұрғынжайға қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жазылса және оларға Тараптар қол қойса, олар жарамды болады. Осы Шарт 20 __ жылғы "___" _________ бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" _________ дейін қолданылады. 6-тарау. Тараптардың мекенжайы және деректемелері Жалға берушіь _______________________________ _______________________________ _______________________________ Тараптардың қолдары Жалға беруші ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Жалға алушы ________________________________ ________________________________ ________________________________ Жалға алушы _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Осы Шарттың талаптарымен таныстым: Жалға алушының отбасы мүшелері: № Туысқандық дәрежесі Жалға алушының және отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің аты-жөні Тұрғын үй жағдайларынжақсартуға бағытталғанмемлекеттік қолдаушараларын іске асыруқағидаларына 3-1- қосымша Өтініш Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.11.2025 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды Жалдау шартын өзгертуге өтініш Мен, ________________________________________________________; (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________________ байланысты (Жалдау шартына өзгеріс енгізу себебі көрсетіледі) 20__ жылғы "____" ___________ № _________ коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау шартына (бұдан әрі - Жалдау шарты) өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын; Қосымшалар: 1. ____________________; 2. ___________________. (Келісімді отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері білдіреді) Мен, __________________________________________________________, (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) 20__ жылғы "__" _____ № _____ Жалдау шартына өзгерістер енгізуге келісемін. Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. "__" __________ 20 __ жыл. Тұрғын үй жағдайларынжақсартуға бағытталғанмемлекеттік қолдаушараларын іске асыруқағидаларына4- қосымша Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын Жоқ. Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы. Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны Цифрлық (ішінара автоматтандырылған). Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. 2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш; 2) Заңның 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі; 3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатының электрондық көшірмесі. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылады. 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы. Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 3. Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады. Тұрғын үй жағдайларынжақсартуға бағытталғанмемлекеттік қолдаушараларын іске асыруҚағидаларына5- қосымшаНысан __________________________(республикалық маңызы барқаланың, астананың, ауданның(облыстық маңызы бар қаланыңәкімі____________________________тегі, аты-жөні____________________________тегі, аты, әкесінің атыбар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)____________________________жұмыс орны, өтінішберушінің лауазымы__________________тұратын мекенжайы Өтініш Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 № 100 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Сізден бастапқы тұрғынжайды меншігіме сатып алу құқығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін: __________________________________________________________________ (сомасы цифрмен және жазбаша) ________________________________________________________________ теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификатын беруіңізді сұраймын. Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20__ жылғы "___" ___________ Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдаушараларын іске асыруқағидаларына6- қосымша Нысан ____________________________Өтініш берушінің тегі, аты,әкесінің аты(бар болған жағдайда)Тұратын мекенжайы: ___________________________________тел.: _______________________ __________________________________________________________________________ (органның атауы) _________________________________________________________________________, келіп түскен өтініш пен ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына сәйкес және ___________________________________________________________________ (жергілікті өкілді орган бекіткен құжаттың атауын, нөмірін және күнін көрсету) ______ сәйкес ____________________________________________________________________ (сомасы цифрмен және жазбаша) _____________________ (_________________________________________________) теңге сомасына әлеуметтік көмек түрінде тұрғын үй сертификатын берудің мақұлданғанын хабарлайды. Лауазымы Аты-жөні (бар болған жағдайда) Қазақстан РеспубликасыныңӨнеркәсіп жәнеқұрылыс министрінің2025 жылғы 30 мамырдағы№ 187 Бұйрыққа 2-қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 7163 болып тіркелген). "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 258 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 18619 болып тіркелген). "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 18883 болып тіркелген) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 587 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 19136 болып тіркелген). "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 252 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 20562 болып тіркелген). "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 22423 болып тіркелген). "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 26 қарашадағы № 619 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 25551 болып тіркелген). "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 33748 болып тіркелген). "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 109 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 34194 болып тіркелген). "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 3 мамырдағы № 161 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 34338 болып тіркелген). "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 319 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 35047 болып тіркелген). "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 320 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 35046 болып тіркелген). "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 350 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 35235 болып тіркелген). © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешімі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6 тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 1 параграфының 4 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 "Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.Әкімов Көкшетау қаласымәслихатының2025 жылғы 29 қыркүйектегі№ С-25/6 шешіміне1 қосымша Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 (бір) миллион теңге мемлекеттік қолдау шарасы ретінде. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға. Жесір әйелдер (тұл ер адамдар). "Алтын алқа, “Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады. Көкшетау қаласымәслихатының2025 жылғы 29 қыркүйектегі№ С-25/6 шешіміне2 қосымша Көкшетау қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 "Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 тіркелген). © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат инсти www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036186/history

    Жарияланды: